Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Глюкоза 5% 200мл Красфарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инфузияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Глюкоза
Фармакологиялық топ:
Қан плазмасының препараттары және плазма алмастырғыш препараттар
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

  5 % және 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

 көмірсулар көзі ретінде (бөлек немесе қажет болса парентеральді қоректендіру көзі ретінде)

 сұйықтық жоғалту жағдайында, әсіресе, көмірсу қажеттілігі жоғары пациенттерде регидра-тацияға арналған

 парентеральді енгізілетін дәрілік препараттарды сұйылту және еріту үшін

10 % декстроза ерітіндісі үшін қосымша:

 гипогликемияны емдеу және оның профилактикасы үшін

 

 

 

 

  5 % және 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

 препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

 декомпенсацияланған қант диабеті

 гиперосмолярлы кома

 гемодилюция және жасушадан тыс гипергидратация, гиперволемия

 гипергликемия және гиперлактатемия

 ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (олигуриясы немесе анурия)

 декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі

 жайылған ісінулер (соның ішінде өкпенің және мидың ісінуі) және асцитпен бауыр циррозы

 декстроза жақпаушылығының басқа да белгілі түрлері (мысалы, метаболизмдік стресс)

 ерітіндіні мидың жарақаттануынан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде енгізу

 гемолиз және тромбоз қаупіне орай, гемотрансфузия кезіндегі сияқты инфузиялық жүйені пайдалану

 жүгеріге немесе жүгері өнімдеріне белгілі жақпаушылығы бар пациенттер (жүгеріден декстрозаны алу кезінде)

 декстроза ерітіндісіне қосылатын кез келген препаратқа қарсы көрсетілімдер

10 % декстроза ерітіндісі үшін қосымша:

 қантсыз диабет

Сақтықпен

 өршуден тыс қант диабеті

 гипонатриемия

 бассүйекішілік гипертензия

 

 

 

 

  Жағымсыз реакциялар MedDRA сөздігіне және ДДСҰ жағымсыз реакциялар даму жиілігінің жіктеуіне сәйкес жүйелер мен ағзалар бойынша топтастырылған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз – жиілігін қолда бар деректер негізін-де айқындау мүмкін емес.

- иммундық жүйе тарапынан: жиілігі белгісіз - анафилаксиялық реакциялар, жоғары се-зімталдық

- зат алмасу және тамақтану тарапынан: жиілігі белгісіз - су-электролит теңгерімінің бұзы-лулары (гипокалиемия, гипомагниемия және гипофосфатемия), гипергликемия, гемоди-люция, дегидратация, гиперволемия

- тамырлар тарапынан: жиілігі белгісіз - веналық тромбоз, флебит

- тері және тері асты тіндері тарапынан: жиілігі белгісіз - қатты терлеу

- бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: жиілігі белгісіз - полиурия

- жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылыстар: жиілігі белгісіз - қалтырау, қызба, инъекция салған жердегі инфекция, инъекция орнындағы тітіркену, экстравазация, инъ-екция орнындағы ауырсыну

- зертханалық-аспаптық деректер: жиілігі белгісіз - глюкозурия

Жағымсыз реакциялар туындауы ерітіндіге қосылған препаратпен байланысты болуы мүмкін. Жағымсыз реакциялар ықтималдығы нақты қосылатын дәрілік препарат қасиет-теріне байланысты.

Жағымсыз реакциялар туындағанда ерітінді енгізуді тоқтатып, пациенттің жай-күйін ба-ғалау және талапқа сай шаралар қабылдау керек.

 

 

 

 

  Вена ішіне (тамшылатып). Препарат әдетте шеткері немесе орталық венаға енгізіледі.

Енгізілетін декстроза ерітіндісінің концентрациясы мен дозасы пациенттің жасына, дене салмағына және клиникалық жай-күйіне байланысты.

Препарат қолдану жүйелі медициналық қадағалаумен атқарылу керек.

Клиникалық және биологиялық параметрлерді, атап айтқанда, қандағы декстроза кон-центрациясын, сондай-ақ су-тұз теңгерімін мұқият бақылау керек.

5 % декстроза ерітіндісі

Көмірсу көзі ретінде ұсынылатын дозалар (бөлек немесе қажет болса парентеральді қо-ректендірудің бір бөлігі ретінде):

ересектер үшін (дене салмағы 70 кг жуық): тәулігіне 500-ден 3000 мл дейін.

жаңа туған нәрестелерді қоса, балалар үшін:

- 0-10 кг дене салмағымен – тәулігіне 100 мл/кг;

- 10-нан 20 кг дейінгі дене салмағымен – тәулігіне 1000 мл + 10 кг-ден асатын әр кг дене салмағына қосымша 50 мл;

- 20 кг-ден көп дене салмағымен – тәулігіне 1500 мл + 20 кг-ден асатын әр кг дене сал-мағына қосымша 20 мл.

Инфузия жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық жай-күйіне және метаболизміне, сондай-ақ қатарлас емге байланысты. Балаларда оларды пациенттердің осы санатында вена ішілік препараттарды қолдану тәжірибесі бар емдеуші дәрігер белгілеуі тиіс.

Гипергликемиядан сақтану үшін организмде декстрозаны жою шегінен асыруға болмайды, сондықтан декстрозаның ең жоғары дозасы жас шамасына және жалпы дене салмағына қарай ересектер үшін 5 мг/кг/мин және жаңа туған нәрестелер мен балалар үшін 10-18 мг/кг/минуттан бастап өзгеріп отырады.

Парентеральді енгізілетін дәрілік препараттарды сұйылту және еріту үшін қолдануға ұсы-нылатын доза – енгізілетін дәрілік препараттың бір дозасына 50-ден 250 мл дейін, алайда, қажетті көлемін қосатын дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық негізінде анықтау керек. Осы орайда ерітіндінің дозасы мен енгізу жылдамдығы сұйылтылатын дә-рілік препарат қасиеттерімен және дозалау режимімен айқындалады.

10 % декстроза ерітіндісі

Ересектер және егде жастағы адамдар

1 кестеде ұсынылатын дозалары дене салмағы 70 кг жуық ересектерде қолдану нысанасы ретінде қызмет етеді.

 

 

 

Әзірге Глюкоза 5% 200мл Красфарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады