Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лидокаин аэрозоль 10% 38г Досфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Спрей
Белсенді зат:
Лидокаин
Фармакологиялық топ:
Анестетиктер
Элемент коды::
4870203070928
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 700 ₸
Бонустарды сатып алу: 54.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Лидокаин-DF спрейі тері немесе шырышты қабықтардың анестезиясына қажет барлық жағдайларда қолданылады.

Стоматологиялық емшаралар және операциялар

- инъекциялық жергілікті анестетиктерді енгізер алдында инъекция орнының анестезия-сында

- беткейлік абсцестерді ашу операцияларында

- қозғалып тұрған сүт тістерді жұлу немесе сүйек фрагменттерін алып тастауда

- шырышты қабат жарақатынан тігісті алуда

- бекітетін тіс қабын немесе көпір тәрізді протезді орнатар алдында қызыл иек анесте-зиясында

- тіс тастарын қолмен немесе құралдармен алуда, үлкейіп кеткен тісаралық бүртікті алып (қырып) тастауда

- бедер түсіру алдында немесе рентген пленкасын (препаратты тек бедер түсірудің иілгіш материалдарымен қолдану керек ; егер бедер түсіру үшін гипс қолданылса аспирация қа-упіне байланысты препаратты қолдануға болмайды) қою алдында жоғары жұту рефлексін азайту немесе бәсеңдету мақсатында

- балаларда френулотомияда және сілекей бездерінің кистасын ашуда

- шырышты қабаттардың беткейлік қатерсіз ісіктерін алып тастауда.

Оториноларингология

- электрокоагуляция, септэктомия және мұрын қуысы полиптерін алып тастар алдында мұрыннан қан кетуді емдеуде

- инъекция орнын жансыздандыру және жұту рефлексін бәсеңдету үшін

- перитонзиллярлы абсцесті ашу немесе жоғарғы жақ қойнауы пункциясының алдында қосымша анестезия ретінде

- мұрын қойнауларын шаю кезіндегі анестезия үшін.

Эндоскопия және аспаптық зерттеу әдістері

- мұрын немесе ауыз арқылы әртүрлі түтіктерді енгізер алдында (гастро- дуоденальді зонд немесе Сенгстакен зонды) жұтқыншақ анестезиясында

- трахеотомиялық түтікті алмастыру жағдайында

Гинекология және акушерство

- эпизиотомия жасау үшін бұтаралық операцияларда

- тігістерді алып тастау

- қынап және жатыр мойнына операцияда айнала тіндердің анестезиясында

- қызперденің жыртылуын немесе тігіс абсцесін кесіп алып тастау және өңдеу үшін.

Дерматология

- кіші хирургиялық операциялар кезінде тері немесе шырышты қабықтардың анесте-зиясында

- лидокаинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- бедерді дайындау үшін гипс пайдаланғанда аспирация қаупіне байланысты Лидокаин-DF спрейін қолдануға болмайды.

Мүмкін:

- Лидокаинді жергілікті қолданған кезде жергілікті жансыздандыру әсері дамуына қарай (1 минуттан кейін) қайтатын, орташа күйдіру және шаншу сезімі

- қайтымды эритема, ісіну, препарат жаққан жерде сезімталдықтың бұзылуы

Өте сирек:

- есекжем, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, ал өте ауыр жағдайларда – шок (жоғары сезімталдықтың кез келген реакциясы дамыған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек).

Лидокаин спрейін қолданғаннан кейін жүйелі әсерінің жиілігі өте аз, өйткені қан ағымына түсуі мүмкін белсенді препараттың өте аз мөлшері қолданылады. Үлкен дозасы қолданылған жағдайда, сондай -ақ тез сіңірілгенде, жоғары сезімталдықта, идиосинкразияда, препарат-тың көтерілімділігі нашар болғанда, өте сирек жағдайларда келесі жағымсыз әсерлер байқа-луы мүмкін:

- орталық жүйке жүйесінің қозу немесе бәсеңдеу симптомдары (жүйке қозуы, бас айналуы, ұйқышылдық, түйілулер, естен тану және тыныс алудың салдануы)

- гипотензия, миокард функциясының бәсеңдеуі, брадикардия, жүректің тоқтап қалуы.

- бронх түйілуі, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, тамақтың ауыруы, дауыстың қырыл-дауы.

Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған спрей. Препарат дозасы жансыздандырыла-тын беткейдің көрсетіліміне және өлшеміне байланысты. Клапанға бір басу 4,8мг лидока-иннің бөлінуімен жүреді.

Уытты әсерлерін және сіңірілуін алдын алу үшін Лидокаин-DF қажетті жансыздандырумен қамтамасыз ететін ең төмен дозада қолдану керек.

Әдетте клапанға 1-3 басу жеткілікті, бірақ акушерствода олардың саны 15-20 жетуі мүмкін (70 кг дене салмағына ең көбі - 40 басу).

Әртүрлі қолдану саласындағы ұсынылған дозалары:

Қолдану саласы Дозасы (клапанға басу саны)

Стоматология 1-3

Стоматологиялық хирургия 1-4

Оториноларингология 1-4

Эндоскопия 2-3

Акушерство 15-20

Гинекология 4-5

Дерматология 1-3

Суланған дәке тампонмен препаратты үлкен беткейлерге қолдануға болады.

Балалар

Лидокаин-DF, спрейді балаларға дұрысы жағу әдісімен (дәке тампонымен) қолдануға болады, бұл препаратты бүріккен кезде қорқып қалудан, сондай-ақ педиатриядағы әдеттегі жағымсыз әсері күйдіріп алудан сақтайды. Осы әдіспен препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болады.

Әзірге Лидокаин аэрозоль 10% 38г Досфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
2460 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2460 ₸  
8
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
2
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2460 ₸  
2
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
2460 ₸  
5
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
2460 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
2460 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
2460 ₸  
2
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
2460 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
2460 ₸  
2
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2460 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2460 ₸  
3
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
2850 ₸  
2
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2460 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2460 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
2460 ₸  
2
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
2460 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
2460 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2460 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2460 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады