Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Панавир амп 0,04мл/мл 5мл №5 Эллара

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Панавир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
4670000361133
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
27 670 ₸
Бонустарды сатып алу: 276.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- әртүрлі орналасқан герпес вирусының инфекциясында (оның ішінде қайталанған генитальді герпес, зостер герпесі және офтальмогерпес)

- инфекциялық аурулар аясында салдары иммун тапшылық жағдайларында

- цитомегаловирусты инфекция, оның ішінде жүктілікті аяғына жеткізе алмауы үйреншікті пациенттерде

- созылмалы вирусты инфекциясы бар және интерферонтапшылығы жағдайындағы әйелдерде жүктілікке даярлық кезеңінде қолданылады

- жүктіліктің II және III триместрі кезінде өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирусты инфекцияда кешенді ем құрамында

- папилломавирус инфекциясында (аногенитальді сүйелдерде) кешенді ем құрамында

- вирустық жүктемені төмендету және неврологиялық симптоматиканы қайтару мақсатында кене энцефа-литінде (анизорефлексия, рефлекстердің төмендеуі, бассүйек-ми жүйкелерінің шығу нүктесінің ауыруы) кешенді ем құрамында

- ревматоидты артриті бар иммунитеті төмендеген пациенттердегі герпесвирусты инфекцияда (негізгі ем-нің анальгетикалық және қабынуға қарсы әсерін күшейту үшін) кешенді ем құрамында

- тұмау, ЖРВИ кешенді ем құрамында

- этиологиясы бактериялық созылмалы простатитте кешенді ем құрамында

 

- гастродуоденальді аумақтың ойық жаралы ақауларын эпителизациялау үшін кешенді ем құрамында

- жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңі (асқыну сатысындағы созылмалы цитомегаловирусты ин-фекцияда)

- жүктілік және лактация кезеңі (қалған көрсеткіштер бойынша)

- 12жасқа дейінгі балаларға (герпесвирусты инфекция, кене энцефалиті, цитомегаловирусты және папил-ломавирусты инфекция)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қалған көрсеткіштер бойынша)

 

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Препарат жақсы көтерімді, ықтимал асқынулар препараттың құрамдас бөліктерінің жеке көтере алмау-шылық пен жоғары сезімталдығымен байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қандай болсын қолайсыз жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты енгізуді тоқта-тып, дәрігермен кеңесу қажет.

Сирек (≥1/10 000 және <1/1 000)

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, қышыну)

Өте сирек (<1/10 000)

- артериялық қысымның аз уақытқа төмендеуі

 

- жеңіл бас айналуы

Панавирді® көктамыр ішіне баяу сорғалатып енгізу керек.

Ересектерге

Препараттың бір реттік емдік дозасы күніне 1 рет енгізілетін, әсер ететін заттың (бір ампуланың құра-мындағы) 200 мкг құрайды.

Герпесвирусты инфекцияны және кене энцефалитін емдеу үшін Панавир® препаратын 24-48 сағат аралықпен екі рет қабылдайды. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 1 айдан кейін қайталауға бола-ды.

Ревматоидты артриті бар иммунитеті төмендеген пациенттердегі герпесвирусты инфекцияда 24-48 сағ. аралықпен 5 көктамырішілік инъекция қолданады, қажет болған жағдайда емдеу курсын 2 айдан кейін қайталайды.

Инфекциялық аурулар аясында салдары иммун тапшылық жағдайларын емдеу үшін Панавир® 48 сағ. аралықпен үш рет, содан соң 72 сағ. аралықпен екі рет қабылдайды.

Цитомегаловирусты және папилломавирусты инфекцияны емдеу үшін Панавир® 48 сағ. аралықпен бірінші аптада үш рет, содан соң 72 сағ. аралықпен екінші аптада екі рет қолданылады.

Жүктіліктің II және III триместрі кезінде өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирусты инфекцияда алғашқы апта ішінде 48 сағ. аралықпен үш рет және екінші апта ішінде 72 сағ аралықпен екі рет қолданады.

Гастродуоденальді аумақтың ойық жаралы ақауларын эпителизациялау үшін 10 күн бойы күнара 5 көк-тамырішілік инъекция қолданады.

ЖРВИ және тұмауды емдеу үшін 18-24 сағ. аралықпен 2 көктамырішілік инъекция қолданады.

Бактериялық созылмалы простатитпен науқастарды емдеу үшін 48 сағ. аралықпен 5 көктамырішілік инъекция қолданады.

12 жастан асқан балаларға

ПанавирÒ балаларға бір реттік дозада 100 мкг көктамыр ішіне баяу сорғалатып тәулігіне 1 рет енгізуге тағайындалады.

Герпесвирусты инфекцияны емдеу үшін ПанавирÒ 24-48 сағ. аралықпен екі рет қабылданады. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 1 айдан кейін қайталауға болады.

Кене энцефалитін емдеу үшін Панавир® 24 сағ. аралықпен екі рет қабылданады.

 

Цитомегаловирусты және папилломавирусты инфекцияны емдеу үшін Панавир® препаратын 48 сағ. аралықпен бірінші аптада үш рет, содан соң 72 сағ. аралықпен екінші аптада екі рет қабылдайды.

Әзірге Панавир амп 0,04мл/мл 5мл №5 Эллара пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
27670 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады