Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ярина таб. №21 Байер Веймар

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 21
Белсенді зат:
Дроспиренон, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
2000994079769
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 195 ₸
Бонустарды сатып алу: 61.95
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ішілетін контрацепцияда

 

- минералды кортикоидқа қарсы және андрогенге қарсы қасиеттері бар біріктірілген контрацептивті (Яри-наны) тағайындау гормонға тәуелді сұйықтық іркілісі бар әйелдерге және әйелдердегі сонымен байланыс-ты белгілерде, сондай-ақ безеулі бөртпелері (акне) мен себореясы бар әйелдерге де пайдалы болуы мүм-кін.

Төменде тізбеленген жай-күйлердің кез келгені орын алғанда біріктірілген контрацептивтер ішу арқылы қолданылмауға тиіс. Егер қабылдау аясында осы ахуалдардың қандай да бірі алғаш дамыса, препарат дереу тоқтатылуға тиісті:

  • препараттың құрамдас бөліктерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы тромбоздар/тромбоэмболиялар (көктамырлық және артери-ялық), (мысалы, терең көктамырлардың
  • тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі) немесе цереброваскулярлық бұ-зылулар
  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы тромбоздың алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзи-торлы ишемиялық шабуылдар, стенокардия)
  • көктамырлық және артериялық тромбоз дамуының жоғары қаупі
  • сыртартқысындағы ошақтық неврологиялық белгілерімен бас сақинасы

  • тамыр асқынулары бар қант диабеті

 

  • ауыр сипатты бауыр аурулары (бауыр тестілері қалыптанғанша)

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

  • анықталған гормонға тәуелді қатерлі аурулар (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) немесе оларға күдік туындағанда

  • белгісіз генездегі қынаптық қан кету

  • жүктілік немесе оған күдіктену

Жиі (>1/100, <1/10):

- эмоциялық құбылмалылық, депрессия, көңіл-күйдің түсуі

- жүрек айнуы

- бас сақинасы

- либидоның төмендеуі немесе жоғалуы

- сүт бездеріндегі ауырсыну, тұрақсыз жатырлық қан кетулер, сипаты анықталмаған жыныс жолдары-нан қан кетулер

Сирек (>1/10 000, <1/1000):

- көктамырлық немесе артериялық тромбоэмболиялық үдерістер (шеткергі терең көктамырлардың ок-клюзиясын, тромбоз бен эмболияны/өкпе тамырларының окклюзиясын, миокард инфарктісін, геморра-гиялық емес сипаттағы церебральді инсультті қоса, басқа ішілетін контрацептивтердегідей жиілікпен).

Белгісіз жиілікпен (маркетингтен кейінгі бақылаулар үдерісінде анықталған)

- мультиформалы эритема

Нақты жағымсыз реакцияны немесе оның синонимін немесе қатарлас жай-күйді сипаттау үшін MedDRA – Реттеу қызметіне арналған медициналық сөздіктен ең сай келетін термин келтіріледі (12.1 нұсқасы).

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Мүмкіндігінше біріктіріліп ішілетін контрацептивтер тобының препараттарымен өзара байланысты қа-растырылатын жиілігі өте төмен немесе белгілерінің пайда болуы кейін басталатын жағымсыз реакция-лар төменде тізбеленген:

Ісіктер

- сүт безінің обыры диагнозының жиілігі ішілетін контрацептивтер қабылдайтын әйелдер арасында сәл жоғарылаған. Сүт безінің обыры 40 жастан кіші әйелдерде сирек кездесетіндіктен диагноздар санының көбеюі, осы аурудың жалпы даму қаупіне қарағанда, болымсыз саналады. Оның ішу арқылы қабылда-натын біріктірілген контрацептивтермен байланысы дәлелденбеген.

- бауыр ісіктері (қатерсіз және қатерлі)

Басқа жай-күйлер

- түйінді эритема

- гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде ішілетін біріктірілген контрацептивтерді пайдаланған кезде панкреатиттің пайда болуының жоғары қаупі бар

- артериялық гипертензия

- біріктірілген контрацептивтерді ішу арқылы қабылдаумен өзара байланысы дәлелденбеген жай-күй-лердің пайда болуы немесе нашарлауы: холестазбен байланысты сары ауру және/немесе қышыма; өт қабында тастардың түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолитикалық уремиялық синдром; Сиден-гам хореясы; жүктілердің герпесі; отосклерозбен байланысты естімей қалу

- тұқым қуалаған ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер осы аурудың белгіле-ріне түрткі болады немесе оларды асқындырады

- бауыр қызметінің бұзылулары

- глюкозаға төзімділік өзгерістері немесе шеткергі инсулиндік төзімділік әсерлері

- Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит.

- хлоазма

 

- асқын сезімталдық реакциялары (бөртпе және есекжем сияқты белгілерді қоса)

Біріктіріліп ішілетін контрацептивтер, соның ішінде Ярина® да, жоғарғы контрацептивтік сенімділігімен ерекшеленеді. Жыл ішіндегі «әдіс сәтсіздігінің» көрсеткіші 1%-дан аспайды. Контрацептивтік сенімділігі таблеткаларды өткізіп алғанда немесе оларды дұрыс қабылдамағанда төмендей түседі.

Таблеткаларды қаптамада көрсетілген тәртіп бойынша, күн сайын шамамен белгіленген бір уақытта, аздаған су мөлшерімен ішке қабылдау керек. 21 күн ішінде үзіліссіз тәулігіне бір таблеткадан қабыл-дайды. Әр келесі қаптаманы қабылдау етеккір тәріздес қан кету байқалатын 7-күндік үзілістен кейін басталады. Ол, әдетте, соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-3-ші күні басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін.

Яринаны® қабылдауды қалай бастау керек

- алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептив қабылданбағанда

Яринаны қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні (яғни, етеккірлік қан кетудің бірінші күні) баста-лады. Қабылдауды етеккір оралымының 2-5 күнінде бастауға болады, бірақ бұл жағдайда таблетканы бірінші қаптамадан қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық кедергілеу әдісін қосымша пайдалану ұсынылады.

- біріктірілген гормональді контрацептивтерден (біріктіріп ішілетін контрацептивтен, қынаптық сақина-дан, трансдермалық бұласырдан) ауысқанда

Яринаны қабылдауды алдыңғы қаптамадан гормоны бар соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі келе-сі күні, бірақ ешбір жағдайда қабылдаудағы әдепкі 7-күндік үзілістен кейінгі келесі күннен кешіктірмей (құрамында 21 таблетка бар препараттар үшін) немесе гормоны жоқ соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін (қаптама құрамында 28 таблетка бар препараттар үшін) бастаған дұрыс. Қынаптық сақинадан не-месе трансдермалық бұласырдан ауысқанда Яринаны® қабылдауды сақинаны немесе бұласырды алып тастаған күні бастаған дұрыс, бірақ ешбір жағдайда келесі сақина немесе бұласыр қолданылуға тиісті күннен кешіктірілмейді.

- құрамында тек гестагендер («мини-пили», инъекциялық түрлер, имплантант) бар контрацептивтер-ден ауысқанда

Яринаға мини-пилиден кез келген күні (үзіліссіз), имплантанттан – ол алынып тасталатын күні, инъек-циялық түрден – келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап көшуге болады. Барлық жағдайларда контрацепциялық кедергілеу әдісін таблетка қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде қосымша пайдалану қажет.

- жүктіліктің алғашқы триместрінде жасалатын түсіктен кейін

Қабылдауды дереу бастап кетуге болады, осы шарт сақталса, қосымша контрацепциялық қорғанудың қажеті жоқ.

- босанудан немесе жүктіліктің екінші триместрінде жасалатын түсіктен кейін

Препаратты қабылдауды босанудан немесе жүктіліктің екінші триместрінде жасалған түсіктен кейінгі 21-28-ші күні бастау ұсынылған. Егер қабылдау кешірек басталса, таблетка қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық кедергілеу әдісін қосымша пайдалану қажет. Алайда, егер әйел жыныс-тық қатынаста болып үлгерсе, Яринаны қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғы анықталуға тиіс немесе алғашқы етеккір келгенше күте тұру қажет.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблетка қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан аз болса, контрацепциялық қорғаныс төмендемейді, таблетканы мүмкіндігінше тез қабылдау қажет, келесісі әдеттегі уақытта қабылданады.

Егер таблетка қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе, контрацепциялық қорғаныс төмендеуі мүмкін. Бұл орайда мынадай екі негізгі ережеге сүйенуге болады:

  • Препаратты қабылдау ешқашан 7 күннен артық үзілмеуге тиіс.

  • Таблеткаларды 7 күн бойы үзіліссіз қабылдау гипоталамдық-гипофизарлық-аналық без жүйесін тиісті түрде төмендетуге қол жеткізу үшін талап етіледі.

Егер таблетка қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе (соңғы таблетканы қабылдау сәтінен бас-талған аралық 36 сағаттан асса), тиісінше, мынадай кеңестер беруге болады:

  • Препаратты қабылдаудың алғашқы аптасы

Әйел өткізіп алған соңғы таблетканы, еске түсірген бойда, мүмкіндігінше тез қабылдауға тиіс (тіпті бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабыл-дайды. Келесі 7 күн ішінде контрацепциялық кедергілеу әдісі (мысалы, мүшеқап) қосымша пайдаланы-луға тиіс. Егер таблетканы өткізіп алуға дейінгі аптаның ішінде жыныстық байланыс орын алған болса, жүкті болу ықтималдығын ескеру қажет.

Өткізіп алынған таблеткалар санының көбеюіне және қабылдаудағы тұрақты үзіліс кезеңінің жақында-уына қарай, жүкті болу ықтималдығы арта түседі.

  • Препаратты қабылдаудың екінші аптасы

Әйел өткізіп алған соңғы таблеткасын мүмкіндігінше тез қабылдауға тиіс (тіпті бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды.

Егер әйел таблетканы алғаш өткізіп алу алдындағы 7 күн ішінде таблеткаларды дұрыс қабылдаса, қо-сымша контрацепциялық шараларды пайдалану қажет емес. Керісінше жағдайда, сондай-ақ екі және одан көп таблетканы өткізіп алған әйелдерге 7 күн бойы контрацепциялық кедергілеу әдістерін (мыса-лы, мүшеқапты) қосымша пайдалану қажет.

  • Препаратты қабылдаудың үшінші аптасы

Таблеткалар қабылдау үзіліп қалғандықтан сенімділіктің төмендеу қаупі кепілді.

Әйел келесі екі нұсқаның біреуін қатаң ұстануға тиіс.

1. Өткізіп алған соңғы таблеткасын мүмкіндігінше тез қабылдау қажет (тіпті бұл екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келсе де). Келесі таблетка, ағымдағы қаптаманың таблеткалары аяқтал-ғанша, әдеттегі уақытта қабылданады. Келесі қаптаманы бірден бастап кету керек. Екінші қаптама біт-кенше тоқтату қан кетуінің ықтималдығы аз, бірақ таблеткалар қабылдау кезінде жағынды бөліністер және құйылған қан кетулер болуы мүмкін.

2. Ағымдағы қаптамадан таблеткалар қабылдауды үзуге де болады. Сосын ол таблетканы өткізіп алу күнін қоса, 7 күнге үзіліс жасап, сонан соң жаңа қаптаманы қабылдай бастауға тиіс.

Егер таблеткаларды өткізіп алуға дейінгі 7 күнде препарат дұрыс қабылданған болса, қосымша контра-цептивтік шараларды пайдалану қажет емес.

Егер әйел таблеткалар қабылдауды өткізіп алып, артынша таблеткалар қабылдаудағы 7-күндік үзіліс кезінде етеккір тәріздес қан кету байқалмаса, жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Асқазан-ішектік бұзылыстар жағдайындағы кеңестер

Ауыр асқазан-ішек бұзылыстарында препарат толық сіңбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда контрацепция-ның қосымша шараларын қабылдау керек. Егер әйелде Ярина® таблеткаларын қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде таблеткалар қабылдауды өткізіп алумен тең ықпалды қатты құсу байқалса, таблеткалар-ды өткізіп алуға қатысты кеңестерді бағдарға алған дұрыс. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалып-ты тәртібін өзгерткісі келмесе, қажеттілікке қарай, ол қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетканы басқа қаптамадан) қабылдауға тиіс.

Етеккір оралымының басталу күнін өзгерту

Етеккір басталатын күнді кейін шегеру үшін Яринаның® жаңа қаптамасынан таблеткалар қабылдауды, бұрынғысынан барлық таблеткалар үзіліссіз қабылданып біткен соң, бірден жалғастыру қажет. Осы жа-ңа қаптамадан таблеткаларды, әйелдің қалауынша, ұзақ қабылдай беруге болады (қаптамадағы таб-леткаларды бітіргенге дейін бола береді). Екінші қаптамадан препаратты қабылдау аясында әйелде жағынды бөліністер және құйылған қан кетулер болуы мүмкін. Яринаны® жаңа қаптамадан қабылдау-ды әдеттегі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн.

 

Етеккірдің басталуын аптаның басқа күніне ауыстыру үшін таблетка қабылдаудағы ең таяу үзілісті етеккірдің басталуын қанша күнге ауыстыру қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Аралық не-ғұрлым қысқа болса, тоқтату қан кетуінің болмау қаупі және, әріқарай, екінші қаптамадан қабылдау ке-зінде жағынды бөліністер мен құйылған қан кетулердің болу қаупі соғұрлым жоғары (әйел етеккір бас-талуын кейін шегергісі келетін жағдайдағыдай).

Әзірге Ярина таб. №21 Байер Веймар пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
5890 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
5865 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5890 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
5815 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
5600 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
6195 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
5890 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
5890 ₸  
2
г. Чу, ул. Конаева 24
5890 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
5890 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
5890 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
6195 ₸  
3
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
5890 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5740 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5815 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5890 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
5865 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
5890 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
6195 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
5605 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
5865 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
5890 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5890 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады