Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Улкарил таб. 800мг №25 Нобел

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблетки № 25
Белсенді зат:
Ацикловир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
2700000247761
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 825 ₸
Бонустарды сатып алу: 96.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- қарапайым герпес вирусы туындатқан тері және шырышты қабықтың инфекциялары, бастапқы және қайталанған генитальдік герпесті қоса алғанда

- қалыпты иммундық статусқа ие және иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялық аурулар қайталануының профилактикасында

- желшешекте, белдемелі герпесте

- Varicella zoster вирусы туындатқан белдемелі теміреткіде

 

 

- ацикловирге немесе валацикловирге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғарғы сезімталдық

- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы немесе тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

- 6 жасқа дейінгі балалар

УЛКАРИЛ ® препаратын дегидратация және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.

 

 

Өте жиі (˃1/10), жиі (˃1/100, ˂1/10), жиі емес (˃1/1,000,˂1/100), сирек (˃1/10,000,˂1/1,000), өте сирек (˂1/10,000). Бұл жағымсыз құбылыстар негізінен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көрінеді.

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауруы

- қышыну, бөртпе, фотосенсибилизация

- жылдам шаршау, температураның көтерілуі

Жиі емес

- есекжем, шаштың жылдам диффузды түсуі (УЛКАРИЛ® препаратын қабылдаумен байланыстылығы дәлелденбеген, көбіне ауру ағымының көптеген түрленуімен және қолданылатын препараттардың көп санымен астасады)

Сирек

- ентігу

- ангионевроздық ісіну

- билирубин деңгейінің және бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы

- қандағы мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауы

- анафилаксия

Өте сирек

- анемия, лейкопения және тромбоцитопения

- гепатит, сарғаю

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің ауыруы

- үрейлену, абыржушылық, тремор, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоздық симптомдар, конвуль-сиялар, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома (бұл симптомдар қайтымды болып табылады және әдетті бүйрек жеткіліксіздігі немесе басқа да бейімдейтін факторлары бар пациенттерде байқалады).

 

 

УЛКАРИЛ ® таблеткаларын тамақтану кезінде қабылдауға болады, себебі тамақтану оның сіңірілуін елеулі дәрежеде бұзбайды.

Таблеткаларды стақан толы сумен ішу керек.

Ересектер

Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу

Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу үшін препараттың ұсынылатын дозасы түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда, әрбір 4 сағат сайын тәулігіне 5 рет 200 мг (1 таблетка) құрайды, әрбір 12 сағат сайын күніне 2 рет 400 мг (1 таблетка) немесе күніне 1 рет 800 мг (1 таблетка) құрайды. Әдеттегі емдеу курсы 5 күн, бірақ емдеу уақыты бірінші ауыр инфекциялар болған жағдайда созылуы мүмкін.

Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) немесе ішек-тен сіңу бұзылғанда препараттың дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг (1 таблетка) дейін арттырылуы мүмкін. Емді инфекция туындаған соң мүмкіндігінше кешіктірмей бастау керек. Ауру қайталанған жағдайда, препаратты продромальді кезеңде немесе бөртпенің бірінші элементтері пайда болған кезде тағайын-дау ұсынылады.

Қалыпты иммун статусы бар қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы

Препараттың қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы үшін иммунитеті қалыпты пациенттерге ұсынылатын дозасы әрбір 6 сағат сайын тәулігіне 4 рет 200 мг немесе емдеудің басқа сызбасы бойынша – әрбір 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 400 мг немесе тәулігіне 1 рет 800 мг құрайды. Кейбір жағдайларда УЛКАРИЛ ® төменірек дозалары, 200 мг тәулігіне 3 рет әр-бір 8сағат сайын немесе тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын, болмаса тәулігіне 1рет 800мг (1 таблетка) бір реттік қосынды тәуліктік дозасы тиімдірек болуы мүмкін. Препаратпен емдеуді ауру ағымында мүм-кін болатын өзгерістерді айқындау үшін мезгіл-мезгіл 6 - 12 айға тоқтата тұру керек.

Иммун тапшылығы бар пациенттердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар профи-лактикасы

Иммун тапшылығы бар пациенттердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар профи-лактикасы үшін УЛКАРИЛ ® препаратының ұсынылатын дозасы 200 мг-ден тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын немесе 400 мг-ден тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын.

Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) немесе ішек-тен сіңірілу бұзылғанда УЛКАРИЛ ® дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг дейін арттырылуы мүмкін.

Профилактикалық емдеу курсының ұзақтығы жұқтыру қаупі мүмкіндігі кезеңнің ұзақтығына байланыс-ты.

Желшешек және белдемелі герпес ауруларын емдеу

Желшешек және белдемелі герпес ауруларын емдеу үшін ұсынылатын УЛКАРИЛ ® дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг құрайды; препаратты түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда, әрбір 4 сағат сайын қабылдайды. Емдеу курсы - 7 күн.

Препаратпен емдеуді инфекция басталуынан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек, себебі емдеу тиім-ділігі осыған байланысты.

Балалар

Препараттың таблетка түрін 6 жастан кіші балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу

- 6 жастан асқан балалар: 200 мг-ден (1 таблетка) түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда, әрбір 4 сағат сайын тәулігіне 5 рет. Емдеу курсы 5 күн.

Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) немесе ішек-тен сіңірілу бұзылғанда дозасын тәулігіне 5 рет 400 мг дейін ұлғайтуға болады.

Имммун тапшылығы бар балалардағы қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар профилак-тикасы

- 6 жастан асқан балалар: 200 мг-ден (1 таблетка) әрбір 6 сағат сайын тәулігіне 4 рет.

Айқын иммун тапшылығы жағдайында – 200 мг-ден тәулігіне 5 рет.

Желшешекті емдеу

- 6 жастан асқан балалар: 800 мг, тәулігіне 4 рет қабылданады.

Анағұрлым толық дозасын дене салмағына 20 мг/кг (бірақ 800мг аспайтын) тәулігіне 4 рет есебінен анықтауға болады. Емдеу курсы 5 күнді құрайды.

Иммунитет көрсеткіштері қалыпты балаларда қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың қайталану профилактикасы және герпесті емдеу

Егде жастағы пациенттер

Егде жаста организмде ацикловир клиренсінің төмендеуі креатинин клиренсінің төмендеуімен қатар жү-реді. Егде жастағы пациенттер ішке УЛКАРИЛ ® үлкен дозаларын қабылдау аясында жеткілікті мөл-шерде сұйықтықты қабылдауы тиіс, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде оларда УЛКАРИЛ ® дозасын тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын 200 мг (1 таблетка) дейін төмендету туралы мәселені шешу қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қарапайым герпес вирусы туындататын инфекцияны емдеу мен профилактикасы мақсатында ұсынылатын дозаларда УЛКАРИЛ® ішке қабылдау белгіленген қауіп-сіздік деңгейінен асатын концентрацияға дейін препарат жинақталуына әкелмейді. Алайда, бүйректің айқын жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) УЛКАРИЛ® дозасын тәулігі-не 2 рет әрбір 12 сағат сайын 200 мг (1 таблетка) төмендету ұсынылады.

Желшешекті, белдемелі герпесті емдеуде, сондай-ақ айқын иммун тапшылығы бар пациенттерді емде-генде УЛКАРИЛ ® ұсынылатын дозасы мынадай болады:

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <10 мл/мин) 800мг (200 мг-ден 4 таблетка, неме-се 400 мг-ден 2 таблетка немесе 800 мг-ден 1 таблетка) тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын;

- орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 10–25 мл/мин): 800 мг (200 мг-ден 4 таблетка, немесе 400 мг-ден 2 таблетка немесе 800 мг-ден 1 таблетка) тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын.

 

Әзірге Улкарил таб. 800мг №25 Нобел пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5225 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
5225 ₸  
4
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
5575 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
5225 ₸  
2
г. Чу, ул. Конаева 24
5225 ₸  
2
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5225 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5575 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
5225 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
5075 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5225 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады