Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Полиоксидоний 6мг №5фл пор. д/инъек. Петровакс Фарм (+2° +8°С)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Азоксимера бромид
Фармакологиялық топ:
Иммуномодуляторлер
Элемент коды::
4601035398504
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
9 550 ₸
Бонустарды сатып алу: 95.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

 

Ересектер мен 6 айдан бастап балаларда иммунитетті ретке келтіру.

Ересектердегі кешенді емдеу:

- өршу сатысында және ремиссия сатысында стандартты ем дарымайтын созылмалы қайталанатын жұқпалы-қабыну аурулары

- жедел және созылмалы вирустық және бактериялық жұқпалар (соның ішінде урогенитальді жұқпалы-қабыну аурулары)

- туберкулез

- жедел және созылмалы аллергиялық аурулар (соның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит), асқынған созылмалы қайтаналатын бактериялық және вирустық жұқпа

- иммунодепрессанттармен ұзақ уақыт емделген ревматоидты артрит; ревматоидты артрит, асқынған ЖРВЖ

- онкологияда дәрілік препараттардың иммуносупрессивті, нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін химиялық және сәулемен емдеу үдерісінде және одан кейін

- регенераторлық үдерістерді белсенділендіру үшін (сынулар, күйіктер, трофикалық ойық жаралар)

- операциядан кейінгі жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін

- ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу үшін

Балалардағы кешенді емдеу:

- бактериялық, вирустық, зең жұқпаларының қоздырғыштары туғызған жедел және созылмалы қабыну аурулары (соның ішінде ЛОР-мүшелер - синусит, ринит, аденоидит, жұтқыншақ бадамша безінің гипертрофиясы, ЖРВЖ)

- жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жай-күйлер

- респираторлық жолдың созылмалы жұқпаларымен асқынған бронх демікпесі

- іріңді жұқпамен асқынған атопиялық дерматит;

- ішек дисбактериозы (спецификалық еммен қосып);

- жиі және ұзақ ауыратындарды сауықтыру үшін

 

- ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу үшін

 

 

 

- жекеше жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ)

 

Сақтықпен: жедел бүйрек жеткіліксіздігі, 6 айға дейінгі сәбилік кезең (клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі).

 

 

- 1/1000 жиі емес бұлшықет ішіне енгізгенде инъекция орынында ауырсыну болуы мүмкін

 

 

Ересектер үшін:

Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілі: парентеральді, интраназальді. Қолдану тәсілдерін аурудың ауырлығына және науқастың жасына қарай дәрігер таңдайды.

Бұлшықетішілік немесе көктамырішілік (тамшылатып): препарат ересектерге аурудың ауырлығына және диагнозға қарай тәулігіне 1 рет күн сайын 6-12 мг дозаларда, күнара, немесе аптасына 1-2 рет тағайындалады.

Бұлшықетішіне енгізу үшін ампуланың немесе құтының ішіндегісін 1,5-2 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді.

Көктамырішіне (тамшылатып) енгізу үшін препаратты 2 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде, Реополиглюкин немесе 5% декстроза ерітіндісінде ерітіп, сосын 200-400 мл көлемдегі аталған ерітінділер бар құтыға аударады.

Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітінді сақтауға жатпайды.

Интраназальді препарат күн сайын тәулігіне 6 мг дозада тағайындалады; 6 мг дозаны 1 мл (20 тамшы), 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде, дистильденген суда немесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді.

Дайындалған ерітіндіні 12 сағат бойы тоңазытқышта сақтайды, қолданар алдында бөлме температурасына дейін жылытады.

Ересектерге ұсынылған емдеу сызбалары

Парентеральді:

Жедел қабыну ауруларында: 6 мг-ден күн сайын 3 күн бойы, әріқарай күнара 5-10 инъекция жалпы курсымен.

Созылмалы қабыну ауруларында: 6 мг-ден күнара 5 инъекция, әріқарай аптасына 2 рет 10 инъекциядан кем емес курспен.

Туберкулезде: 6-12 мг-ден аптасына 2 рет 10-20 инъекция курсымен.

Жедел және созылмалы урогенитальді аурулары бар науқастарда: 6 мг-ден күнара химиялық препараттармен қосылған 10 инъекция курсымен.

Созылмалы қайталанатын ұшықта: 6 мг-ден күнара вирусқа қарсы препараттармен, интерферондармен және/немесе интерферондар синтезінің индукторларымен қосылған 10 инъекция курсымен.

Аллергиялық аурулардың асқынған түрлерін емдеу үшін: 6 мг-ден, 5 инъекция курсымен: екі алғашқы инъекция күн сайын, сосын күнара. Жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жай-күйлерде аллергияға қарсы препараттармен қосып, 6-12 мг-ден көктамыр ішіне енгізеді.

Ревматоидты артритте: 6 мг-ден күнара 5 инъекциядан, әріқарай аптасына 2 рет 10 инъекциядан кем емес курспен.

Онкологиялық науқастарда:

- химиялық емге дейін және ем аясында химиялық ем дәрілерінің иммунодепрессиялық, гепато- және нефроуытты әсерін азайту үшін 6-12 мг-ден күнара 10 инъекциядан кем емес курспен; ісіктің иммунодепрессивті әсерінің алдын алу үшін, химиялық және сәулемен емдеуден кейін иммунитет тапшылығын ретке келтіру үшін, ісікті хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін Полиоксидоний® препаратын ұзақ уақыт қолдану (2-3 айдан 1 жылға дейін) 6-12 мг-ден аптасына 1-2 рет. Енгізу жиілігі мен ұзақтығын химиялық және сәулемен емдеу көтерімділігіне және ұзақтығына қарай дәрігер белгілейді;

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда аптасына 2 реттен жиі тағайындамайды.

Интраназальді тәулігіне 6 мг-ден ЛОР-мүшелердің жедел және созылмалы жұқпаларын емдеу үшін, шырышты қабықтардың регенераторлық үдерістерін күшейту үшін, аурулардың асқынуы мен қайталануының алдын алу үшін, ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу үшін. Әр танауға 3 тамшыдан 2-3 сағат сайын (тәулігіне 3 рет) 5-10 тәулік бойы.

Балаларға арналған қолдану тәсілі және дозалары

Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілдерін диагнозға, аурудың ауырлығына, науқастың жасы мен дене салмағына қарай дәрігер таңдайды: парентеральді, интраназальді, сублингвальді.

Парентеральді (бұлшықетішілік немесе көктамырішілік тамшылатып) препарат балаларға 6 айлығынан бастап аурудың ауырлығына қарай 0,1-0,15 мг/кг дозада күн сайын, күнара немесе аптасына 2 рет, 5-10 инъекция жалпы курсымен. Ең жоғары тәуліктік дозасы - 3 мг.

Сәби салмағына мл доза есебі кестеде көрсетілген (үшінші баған).

Бұлшықетішілік енгізу үшін препаратты инъекцияға арналған 1 мл суда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді.

Көктамырішілік тамшылатып енгізу үшін препаратты 1,5-2 мл стерильді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде, Реополиглюкин, немесе 5% декстроза ерітіндісінде ерітіп, 150-250 мл көлемдегі аталған ерітінділер бар құтыға стерильді аударады.

Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды.

Сублингвальді: күн сайын тәулігіне 1 рет 0,15 мг/кг дозада 10-20 күн бойы.

Интраназальді: күн сайын 0,15 мг/кг тәуліктік дозада 5-10 күн бойы. Препарат төмендегі кестеде көрсетілген тәуліктік дозаға жеткізілгенше тәулігіне 2 рет 1-2 сағат сайын әр танауға 2-3 тамшыдан енгізіледі.

Сәби салмағы

Тәулігіне тамшы саны

Енгізілген ерітіндінің мл көлемі

1

2

3

5 кг

5 тамшы

0,25 мл

10 кг

10 тамшы

0,5 мл

15 кг

15 тамшы

0,75 мл

20 кг

20 тамшы

1,00 мл

 

 

Интраназальді және сублингвальді қолдануға арналған ерітінді дайындау үшін 3 мг дозаны 1 мл (20 тамшы), 6 мг дозаны 2 мл дистильденген суда, 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді. Дайындалған ерітіндінің бір тамшысының құрамында сәбидің 1 кг дене салмағына тағайындалатын 0,05 мл Полиоксидоний® бар.

Сублингвальді және интраназальді қолдануға арналған ерітіндіні тоңазытқышта 7 күннен асырмай сақтау керек. Пайдаланар алдында ерітінділі тамшуырды бөлме температурасына дейін (20-25 о С) жылытып алу керек.

Балаларға ұсынылған емдеу сызбалары

 

  • Жедел қабыну ауруларында: бұлшықетішілік және көктамырішілік тамшылатып күн сайын 0,1 мг/кг-ден 3 күн бойы, сосын күнара 5-7 инъекция курсымен.

  • Созылмалы қабыну ауруларында: бұлшықетішілік 0,15 мг/кг-ден аптасына 2 рет 10 инъекцияға дейінгі курспен.

  • Жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жай-күйлерде: көктамырішілік тамшылатып күн сайын 0,15 мг/кг дозада 3 күн бойы, сосын күнара аллергияға қарсы препараттармен қосып 5-7 инъекция курсымен.

  • Аллергиялық аурулардың асқынған түрлерін базисті еммен қосып емдеу үшін: бұлшықетішілік 0,1 мг/кг-ден 48 сағат аралықпен салатын 5 инъекция курсымен.

  • Ішек дисбактериозын емдеу үшін күн сайын сублингвальді 0,15 мг/кг тәуліктік дозада 10-20 күн бойы.

  • Интраназальді әр танауға 1-3 тамшыдан 1-2 сағат сайын (тәулігіне 2 рет) 5-10 күн енгізеді

  • ЛОР-мүшелердің жедел және созылмалы жұқпаларын емдеу үшін (синуситтер, риниттер, аденоидиттер,тонзиллиттер, ЖРВЖ және т.б.;

  • науқастарды операция алдында даярлау және операциядан кейінгі емдеу кезінде аурулардың жұқпалы асқынуы мен қайталануының алдын алу үшін;

  • Шырышты қабықтардың регенераторлық үдерістерін күшейту үшін;

  • ЖРВЖ және тұмаудың алдын алу үшін;

 

Әзірге Полиоксидоний 6мг №5фл пор. д/инъек. Петровакс Фарм (+2° +8°С) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
9700 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
9440 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
9700 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
9660 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
9550 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
9700 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
9550 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
9550 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады