Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Тамифлю 75мг №10капс Сенекси САС

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 капсула
Белсенді зат:
Осельтамивир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
2000000212739
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
9 455 ₸
Бонустарды сатып алу: 94.55
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде ересектерде және тұмау симптомдары байқалатын күні жетпей туған нәрестелерді қоса, балаларда тұмауды емдеуде. Тұмау симптомдары алғаш байқалған-нан кейін 2 күн ішінде емдеуді бастағанда тиімділігі байқалған.

- ересектер мен балаларда тұмаудың профилактикасы үшін:

- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде тұмауы клиникалық расталған адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайлардан кейін ересектер мен 1 жастан асқан балаларда тұмау профилактикасын-да

 

- тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасында.

- осельтамивир фосфатқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

 

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде ұдайы гемодиализ, созылмалы перитонеальді диализ, креатинин клиренсі 10 мл/мин

Өте жиі (>10%)

  • жүрек айну, құсу

  • бас ауыру

Жиі (1-10%)

  • арқаның ауыруы

  • жөтел, мұрыннан қан кетулер, мұрынның бітелуі, назофарингит, бронхит, ортаңғы отит, синусит, бронх түйілуі,

  • диарея, эпигастрий маңының ауыруы

  • герпес

  • ашушаңдық, қажығыштық

Жиі емес (1-0,1%)

  • ұйқысыздық

  • аллергиялық реакциялар (дерматит)

  • конъюнктивит

  • лифоаденопатия

Сирек (<0,1%)

 

  • аса жоғары сезімталдық реакциясы (оның ішінде дерматит, бөртпе, экзема, мультиморфты эритема, анафилаксиялық реакция), Стивенс-Джонсон синдромы

  • асқазан-ішектен қан кетуі

  • гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің артуы

  • құрысулар, делириозды жағдай, қозу.

Тамифлю ішке, тамақтану кезінде немесе тамақтануға қарамай-ақ қабылданады. Оны тамақтану кезін-де қабылдаған кейбір пациенттерде препараттың көтерілімділігі жақсарады. Емдеуді тұмау симптомда-ры пайда болған бірінші немесе екінші күні бастау керек.

Ересектер, 12 жастан кіші жасөспірімдер және дене салмағы > 40 кг немесе ≥8 балалар капсулаларды жұта алмайтын жағдайларда, капсуланы ашып оның ішіндегісінің ащы дәмін білдірмеу үшін жарамды тәтті тағамдардың (шоколад шәрбаты (қант құрамы қалыпты немесе қантсыз), суда ерітілген бал, тәтті десерт, қан қосылып қойылтылған сүт, алма пюресі немесе йогурт) аз мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосу қажет. Қоспаны әбден араластырып пациентке түгелдей беру қажет. Қоспаны дайындағаннан ке-йін бірден жұту қажет.

Дозалаудың стандартты режимі

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер (дене салмағы 40 кг асатын).

Тұмауды емдеу:

Тамифлюді дозалаудың ұсынылған режимі – 75 мг бір капсуладан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке неме-се 75 мг суспензиядан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке қабылдайды.

Тұмау профилактикасы

Тұмау жұққан адаммен қарым-қатынастан соң оның профилактикасына арналған Тамифлюдің ұсыныл-ған дозасы – 75 мг тәулігіне 1 рет 10 күн бойы ішке қабылдайды.

Препаратты қабылдауды қарым-қатынастан соң алғашқы 2 күннен кешіктірмей бастау керек.

Тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезінде профилактика үшін ұсынылған доза – 75 мг тәулігіне 1 рет; препаратты 6 апта бойы қабылдау оның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Профилактикалық әсері препаратты неғұрлым ұзақ қабылдаса, соғұрлым ұзаққа жалғасады.

1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

Тұмауды емдеу:

Дене салмағы

5 күн бойы ұсынылатын дозасы:

10 – 15 кг

30 мг күніне екі рет

15 – 23 кг

45 мг күніне екі рет

23 – 40 кг

60 мг күніне екі рет

> 40 кг

75 мг күніне екі рет

Тұмаудың профилактикасы:

Дене салмағы

10 күн бойы ұсынылатын дозасы:

10 – 15 кг

30 мг күніне бір рет

15 – 23 кг

45 мг күніне бір рет

23 – 40 кг

60 мг күніне бір рет

> 40 кг

75 мг күніне бір рет

12 жастан кіші балаларда тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю ти-імділігі зерттелмеген.

1 жасқа дейінгі балалар

Тұмауды емдеу:

1 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза күніне екі рет кг дене салмағына 3 мг құрайды.

Дене салмағы

5 күн бойы ұсынылатын дозасы:

3 кг

9 мг күніне екі рет

4 кг

12 мг күніне екі рет

5 кг

15 мг күніне екі рет

6 кг

18 мг күніне екі рет

7 кг

21 мг күніне екі рет

8 кг

24 мг күніне екі рет

9 кг

27 мг күніне екі рет

10 кг

30 мг күніне екі рет

Бұл дозалау режимін шала туған нәрестелерге (яғни 36 аптаға дейінгі мерзімде туған) қолдануға бол-майды. Пациенттердің осы тобындағы дозалау бойынша деректер мөлшері жеткіліксіз.

Тұмаудың профилактикасы:

Тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасы үшін ұсынылатын Тамифлю дозасы емдік дозаның жартысын құрайды – 3 мг/кг күніне бір рет 10 күн бойы. 1 жастан кіші балалар-да тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю тиімділігі зерттелмеген.

Айрықша жағдайлардағы дозалау

Бүйректері зақымданған науқастар

Тұмауды емдеу. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан асатын науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейінгі науқастарға Тамифлю дозасын 5 күн бойы тәулігіне бір рет 75 мг-ға дейін азайтқан жөн.

Созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада та-ғайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің әрбір сеансынан кейін тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ сеансының алдында, одан кейін 5 күн бойы тәулігіне 30 мг тағайындалады. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем), гемодиа-лизде жүрмеген пациенттерде осельтамивирдің фармакокинетикасы зерттелмеген.

Тұмаудың профилактикасы. Креатинин клиренсі 30 мл/мин науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейін болатын науқастарда Тамифлюдің дозасын 75 мг-ге дейін күнара немесе 30 мг-ге дейін күнделікті азайту керек. Созылмалы гемодиализде жүрген паци-енттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада тағайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің бір сеансынан кейін емшара соңында тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ се-ансының алдында, одан кейін әр 7 күн сайын 30 мг-ден тағайындалады.

Бауыры зақымданған науқастар

Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.

Егде жастағы науқастар

Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.

Тамифлюді экстемпоральді дайындау

Ересектер, жасөспірімдер мен балаларда капсуланы жұтумен қиындықтар болған, ал Тамифлюдің «ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ» дәрілік түрі болмаған жағдайда немесе капсула-ның «тозу» белгілері болғанда, капсуланы ашып, оның ішіндегісін ащылау дәмін білдірмеу үшін сай ке-летін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосады. Қоспаны мұ-қият араластырып, пациентке түгелдей беру қажет.

Қоспаны даярланғаннан кейін бірден жұтып жіберген жөн.

Егер пациенттерге 75 мг доза қажет болса, онда төмендегі нұсқауларды ұстану қажет:

 

  • Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.

  • Сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып (ащы дәмін білдірмеу үшін), жақсылып араластыру керек.

  • Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.

    Егер пациенттерге 30-60 мг доза қажет болса, онда дұрыс дозалау үшін төмендегі нұсқауларды ұстану қажет::

  • Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.

  • Ұнтаққа жинап алынған сұйықтықтың мөлшерін көрсететін белгілері бар шприцтің көмегімен 5 мл су қосу керек. 2 минут бойы мұқият араластырады.

  • Ыдыстан қоспаның қажетті мөлшерін төменде келтірілген кестеге сәйкес шприцке жинап алу қажет:

    Дене салмағы

    Ұсынылатын доза

    Тамифлю® қоспасының мөлшері бір қабылдауға

    15 кг

    30 мг

    2 мл

    >15-23 кг

    45 мг

    3 мл

    >23-40 кг

    60 мг

    4 мл

    Ерітілмеген ақ ұнтақты жинап алудың қажеті жоқ, өйткені ол белсенді емес толықтырғыш болып табылады. Шприц поршенін басып, оның ішіндегінің бәрін екінші ыдысқа енгізеді. Қалған пайда-ланылмаған қоспаны тастау қажет.

  • Екінші ыдысқа ащы дәмін білдірмеу үшін сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып, жақсылып араластыру керек.

  • Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.

Әзірге Тамифлю 75мг №10капс Сенекси САС пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
12
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
9455 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
9455 ₸  
3
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
2
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
9455 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
9455 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
2
г. Чу, ул. Конаева 24
9455 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
9455 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
9650 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
9455 ₸  
3
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
9455 ₸  
3
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
6
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
9455 ₸  
5
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
9455 ₸  
5
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
9455 ₸  
7
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
9455 ₸  
2
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
2
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
10
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
9455 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
9455 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
9455 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
9455 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
9455 ₸  
7
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
9455 ₸  
7
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
9455 ₸  
1
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
9455 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады