Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

АКРИДЕРМ 0,05% 30 г крем

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Крем
Белсенді зат:
Бетаметазон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
4601969003581
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Акридерм синтетикалық фторланған кортикостероидтарға жатады. Ол жергілікті әсер етеді және мынадай кезде қолданылады:

- барлық типті экземалар және дерматиттерде, оның ішінде атопиялық экзема, фотодерматит кезінде

- қызыл жалпақ теміреткіде, қарапайым теміреткіде

- түйінді қышыма, дискоидты қызыл жегіде

- липоидты некробиоз, претибиальді микседема және эритродермия кезінде

- бас терісі псориазы және жайылған түйіндақ псориазын қоспағанда білезіктер мен табанның созылмалы түйіндақ псориазында.

- қызғылт безеу, акне, тұрпайы безеу, розацеа

- периоральді дерматит

- перианальді және генитальді тері қышынуы

- Акридерм препараты дәрілік түрлері ингредиенттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- туберкулез және көптеген тері вирустық зақымданулары, атап айтқанда – қарапайым герпес, шешекке қарсы вакцина, желшешек вирустарымен

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- вирустық, бактериялық және зеңдік тері аурулары

- мерездің теріде білінуі

- вакцинадан кейінгі тері реакциялары

- ашық жаралар

- сирақтың трофикалық ойық жаралары

- жүктілік және лактация кезеңі

- тері обыры, меланома, атерома, саркома, ксантома

Акридермді жаялықтан болған тері тітіркенуінде (баздануда), сондай-ақ тиісті қатар жүретін инфекцияға қарсы емсіз, зеңдік немесе бактериялық тері инфекцияларында қолданбаған жөн.

Акридерм препаратының терілік дәрі түрлерінің әдетте жағымдылығы жақсы, ал жағымсыз әсерлері сирек байқалады. Егер препарат беткейлік аумағы үлкен бөліктерге немесе тері қатпарларына ұзақ уақыт кезе-ңі бойы немесе көп мөлшерде жағылса, бетаметазон дипропионаттың жүйелік сіңуі ұлғаяды. Мұндай жағ-дайларда, әсіресе нәрестелер және балаларда тиісті сақтық шараларын ұстану қажет.

Жергілікті жағымсыз реакциялар:

- терінің ашуы, қышынуы, тітіркенуі, құрғауы

- фолликулит, гипертрихоз

- безеу тәрізді бөртпелер, гипопигментация

- периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы

- салдарлы инфекция

- стриялар, баздану.

Препаратты ұзақ қолдану жергілікті тері өзгерістеріне, стрияларға, әсіресе бет терісіндегі телеангиэкта-зияға әкелуі мүмкін.

Ересектер және балалар:

Күніне біреуден екі ретке дейін. Көптеген жағдайларда Акридерм кремінің жұқа үлбірін зақымданған бө-лігін жауып, күніне екі рет жағу керек. Кейбір пациенттерде демеуші емнің әсері препаратты анағұрлым сирек жаққанда болады.

Акридерм, сыртқа қолдануға арналған крем балаларға аса сақтықпен және ең жоғары қысқа мерзімге тағайындалады.

Бетаметазонды балаларға және егде адамдарға немесе бет терісіне пайдаланғанда, емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс.

Акридерм кремі әсіресе ылғалды және суланатын беткейлерге жаққанда тиімді.

Әзірге АКРИДЕРМ 0,05% 30 г крем пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады