Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

ТОРИДИУМ таб 10мг №30 Лек С.А.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Торасемид
Фармакологиялық топ:
Диуретиктер.
Элемент коды::
2000994082387
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек және бауыр ауруы салдарынан болатын ісіну синдромында

- монотерапия ретінде немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде эссенциальді артериялық гипертензияда

 

 

 

 - торасемидке, сульфонилмочевина тобының препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анурия

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы (Лапландия тұрғындарының арасында байқалатын ауру), глюкоза немесе галактоза сіңуінің бұзылуы

- бауыр комасы, кома алдындағы жай-күй

- азотемияға ұласатын бүйрек жеткіліксіздігі

- аритмиялар

- бүйректің зақымдалуын туғызатын дәрілік заттарды қабылдағаннан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

 

 

 

 Төменде байқалған жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне қарай берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), соның ішінде жекелей хабарламалар.

Жиі

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

- диарея

- несеп шығару жиілігінің артуы, полиурия, никтурия

Жиі емес

- гиперхолестеринемия, гиперлипидемия

- аяқ бұлшықеттерінің құрысуы

- экстрасистолия, тахикардия, жүрек қағуы,

- беттің қызаруы

- мұрыннан қан кету

- полидипсия, іштің ауыруы, метеоризм

- несепке жиі қысылу

- астения, әлсіздік, шөлдеу, қатты қажығыштық, аса жоғары белсенділік, күйгелектік, сананың шатасуы

- тромбоциттер санының артуы

- эритропения, лейкопения, тромбоцитопения,

 

Жүрек айнуы, құсу, гипергликемия, гиперурикемия, гипокалиемия, гиповолемия, артериялық гипотен-зия, импотенция, шунт тромбозы, тері реакциялары және естен тану жатқызылатын басқа да жағымсыз әсерлерді назарға алу керек.

 

 

 

 Торидиум, босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткаларын ас ішуге қарамай-ақ, тәулігіне 1 рет ішке тағайын-дайды, оны шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылдайды.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Әдеттегідей бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 10-20 мг. Қажетті несеп айдағыш әсері болмаған кезде дозаны та-лапқа сай диуретикалық жауап алғанша шамамен екі есеге арттырады.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Әдеттегідей бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 20 мг. Қажетті несеп айдағыш әсері болмаған кезде дозаны талапқа сай диуретикалық жауап алғанша шамамен екі есеге арттырады.

Бауыр циррозы

Торидиум препаратының әдеттегі бастапқы 5-10 мг дозасын тәулігіне 1 рет альдостерон антагонисімен немесе калий жинақтаушы басқа диуретикпен бірге қабылдайды. Қажетті несеп айдағыш әсері болмаған кезде дозаны талапқа сай диуретикалық жауап алғанша шамамен екі есеге арттырады.

Артериялық гипертензия

Әдеттегі бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 5 мг. Егер 4-6 апта ішінде артериялық қысымды қажетінше төмендетуге қол жеткізілмесе, дозаны тәулігіне 1 рет 10 мг-ге дейін арттыру керек және егер осы доза қажетті нәтиже берме-се, емдік сызбаға басқа топтың гипертензияға қарсы препаратын қосу керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозаны арнайы таңдаудың қажеті жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Торасемидтің бүйректік клиренсі бүйрек функциясы бұзылған науқастарда төмендеуі мүмкін, сондықтан қажетті диуретикалық әсерге қол жеткізу үшін препараттың барынша жоғары дозалары қажет бо-луы мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуы

 

Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде торасемидтің бүйректік клиренсінің жоғарылауы натрийурездің төмендеуімен компенсациялануы мүмкін.

 

 

Әзірге ТОРИДИУМ таб 10мг №30 Лек С.А. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады