Сайт работает в тестовом режиме, заказы не принимаются. Извините за неудобства.

Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Анкерманн В12 / 1мг №50 табл. Верваг

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 50
Белсенді зат:
Цианокобаламин
Фармакологиялық топ:
Гемопоэз стимуляторлары
Элемент коды::
4030674018311
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 110 ₸
Қоймада жоқ

 

- B 12 дәруменінің жеткіліксіздігінен қан түзілуінің бұзылуынан туындаған перницио́зды анемия (Аддисон ауруы) немесе B 12 -тапшылықты анемияда (қатерлі анемия)

- гастроэктомия, мальабсорбция, қатаң вегетариандық болудың нәтижесінде B 12 дәруменінің тапшылы-ғымен байланысты (гематопоэтикалық бұзылыстар, гиперхромды макролитикалық мегалобластты анемия және басқа анемиялар) басқа макроцитарных анемияларды профилактикалау және емдеу

- полинейропатия, Шиллинг (Schilling test) сынамасымен расталған фуникулярлы миелоз (жұлынмидың ауруында) сияқты неврологиялық бұзылулар түріндегі B 12 дәруменінің клиникалық тапшылығында.

 

 

- әсер ететін затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдықта

- галактозаны көтере алмау сияқты сирек тұқым қуалайтын ауруларда, лактазалы жеткіліксіздік, глюко-за-галактозаның мальабсорбциясы, фруктозаны көтере алмау немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіз-дігінде

- цианидтер детоксикациясында (мысалы, қатерлі анемияда темекінің уытты амблиопиясы немесе ретро-бульбарлы невриті бар пациенттерге) бұл жағдайда кобаламиннің басқа туындыларын қабылдау керек

- Лебер көру жүйкесінің атрофиясына ұшырағыштықта

- Жүктілердегі мегалобластылы анемияда

- фолаттар және фолий қышқылының анықталған тапшылығында

- 6 жасқа дейінгі балаларда.

 

 

Жағымсыз әсерлерді бағалау үшін біліну жиіліктері туралы деректермен ДДҰ жіктемесі ұсынылған:

Өте жиі: (≥ 1/10)

Жиі ( ≥1/100-ден <1/10-ға дейін)

Жиі емес: ( ≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

Сирек: (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін)

Өте сирек: (< 1/10 000)

Белгісіз: (қолда бар деректердің негізінде жиілікті анықтау мүмкін емес)

Жиі емес: (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, олар дененің аздаған бөлігінде аллергиялық бөртпе, тері бөртпесі немесе қышыну ретінде білінуі мүмкін

Белгісіз: безеу тәрізді тері реакциялары, буллезді бөртпелер

- қызба жалпы бұзылыстар ретінде, діріл, қалтырау, ыстықтың бетке тебуі, бас айналуы, шаршау, жүрек айнуы және енгізілген орынның бұзылуы

- реактивті тромбоцитоз

 

 

Қабықпен қапталған таблетканы дұрысы таңертең ашқарынға судың аздаған мөлшерімен бірге бүтіндей жұту керек. Емдеудің ұзақтығы терапиялық жауаппен анықталады. Мақсатты диагностиканың және ем-деуді бақылаудың көмегімен пациент үшін цианокобаламиннің оңтайлы дозасы анықталады.

Ересектер

Өзге ұйғарымдар болмағанда, ересекткер үшін тәуліктік доза B 12 дәруменінің клиникалық тапшылы-ғын емдегенде B 12 Анкерманның ® 1 таблеткасы тағайындалады. Ауыр жағдайларда емдеудің бас-тапқы кезеңінде B 12 Анкерманның ® 2 таблеткасын қабылдау ұсынылады. Ауыр неврологиялық сим-птомдардың бастапқы кезеңінде парентеральді қолдану ұсынылады (1000.0 мкг бұлшықет ішіне).

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерге цианокобаламинді 1.0 мг тәуліктік дозада пероральді қабылдау B 12 дәруменінің тапшылығында парентеральді терапияның баламасы ретінде ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозалаудың әдеттегі режимдері ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылыстары бар пациенттер

Бүйрегінің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер B 12 Анкерманнды ® әдеттегі дозалауда қабылдай алады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде дозаны төмендету және қансарысуындағы B 12 дәрумені деңгейіне тұрақты бақылау жасау керек.

Бауыр функциясының бұзылыстары бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылыстары бар пациенттерде фармакокинетикалық деректер және клиника-лық тәжірибелер жоқ.

Бауыр функциясының бұзылыстары бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі және тіимділігі анық-талмаған.

 

Әзірге Анкерманн В12 / 1мг №50 табл. Верваг пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады