Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Микобель №14 супп.ваг. ООО Рубикон

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Вагиналды суппозиторийлер
Белсенді зат:
Метронидазол, миконазол
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
Элемент коды::
4810243001926
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- Candida albicans әсерінен туындаған кандидоздық вульвовагинитте

- трихомонадтық вульвовагинитте

- анаэробты бактериялардың және Gardnerella vaginalis әсерінен туындаған бактериялық вагинозда

- қынаптық аралас инфекцияларда.

 

- препарат компоненттеріне және оның туындыларына аса жоғары сезімталдық;

- жүктіліктің I триместрі

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- пәктік

- эпилепсия

- порфирия

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- емделу кезінде немесе емдеуді аяқтағаннан кейін 3 күн бойы алкогольді пайдаланып жүрген пациент-тер

- емделу кезінде немесе емдеуді аяқтағаннан кейін 2 апта бойы дисульфирамды пайдаланып жүрген па-циенттер

Емделу кезінде дисульфирамды қабылдап жүрген немесе емдеу курсын аяқтағаннан кейін 2 апта бойы оны қолдануды жоспарлап жүрген пациенттерге қолдану: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (психоздық реакциялар) білінуі мүмкін.

 

Препаратты қынап ішіне қолданғанда қандағы метронидазол концентрациясының төмендеуі салдары-нан жүйелік жағымсыз әсерлер өте сирек байқалады.

Миконазол нитраты, имидазолдың туындылары негізіндегі (2-6%) зеңге қарсы кез келген басқа препа-раттарды қынап ішіне қолданған кездегі сияқты, қынаптың тітіркенуін (күйдіру, қышыну) туындатуы мүмкін.

Вагиниттерде қынаптың шырышты қабығы қабынуы мүмкін, сондықтан алғашқы суппозиторийді енгіз-ген кезде қынапта күйдіру және қышыну байқалады. Бұл симптомдар емдеуді жалғастырған кезде жо-йылады. Қатты тітіркендірген жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн.

Препараттың белсенді компоненттерін жүйелік қолданумен (атап айтқанда, пероральді түрде) байла-нысты болатын жағымсыз әсерлерге мыналар жатады:

Өте жиі:

- қынаптан бөлінділердің бөлінуі

Жиі:

- вагинит, вульвовагинит, жамбас аймағында жайсыздық

- бас ауыру, бас айналу

Жиі емес:

- шөлдеу

- депрессия

Сирек:

- қынаптың тітіркенуі, күйдіруі және қышынуы

- іштің ауыруы, тері бөртпесі

Өте сирек:

- психо-эмоциональді бұзылулар

Жиілігі белгісіз (баға беру мүмкін емес)*:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар (ауыр жағдайларда анафилаксия)

- қажығыштық, әлсіздік, атаксия, құрысулар, шеткері нейропатия (препаратты ұзақ қабылдағанда және артық дозаланғанда)

- дәмнің өзгеруі, ауыздан металл дәм тату, ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, іш қатулар, диа-рея, іштің ауыруы және түйілуі

- жергілікті тітіркену, жоғары сезімталдық, жанаспалы дерматит

- лейкопения

 

Тек қынап ішіне қолдануға арналған.

Суппозиторийді қабығынан шығарып алып, қынапқа терең енгізу керек.

Микобель препаратын түнге қарай 1 қынаптық суппозиторийден және таңертең 1 қынаптық суппозито-рийден 7 күн бойы тағайындайды.

Қайталанатын вагиниттерде немесе бұрын жүргізілген емге резистентті болған вагиниттерде емдеу кур-сын 14 күнге дейін арттырған жөн.

 

Әзірге Микобель №14 супп.ваг. ООО Рубикон пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады