Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Вит.В-12 (Цианокобаламин) 500мкг/1мл №10амп Борисов

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Цианокобаламин
Фармакологиялық топ:
Гемопоэз стимуляторлары
Элемент коды::
4810201017013
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- цианокобаламиннің тапшылығымен жүретін (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлы макроцитарлы анемия) созылмалы анемияда

- жүйке жүйесінің аурулары – полиневрит, радикулит, каузалгия және невралгия (оның ішінде үштік жүйкенің невралгиясы), бүйірлік амиотрофиялық склероз, шеткері жүйкелердің жарақаттары, фунику-лярлық миелоз, балалардағы церебральді паралич, Даун ауруы;

- тері аурулары (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит);

- созылмалы гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі;

- жедел сәуле ауруы.

Кешенді ем құрамында

- темір тапшылықты, постгеморрагиялық және апластикалық анемия, уытты заттардан және/немесе дәрі-лік препараттардан болған анемия.

Алдын алу мақсатында

- жоғары дозаларда бигуанидтерді, парааминосалицил қышқылын, аскорбин қышқылын тағайындағанда, цианокобаламиннің сіңуінің бұзылуымен асқазан мен ішек патологиясында (асқазан бөлігінің, аш ішектің резекциясы, Крон ауруы, целиакия, мальабсорбция синдромы, спру), ұйқы безі мен ішектің қатерлі түзі-лімдерінде

 

 

- белсенді затына жоғары сезімталдық (цианокобаламин)

- тромбоэмболия, тромбтардың түзілуіне бейімділік

- эритремия, эритроцитоз

- жүктілік (жоғары дозаларда В тобының дәрумендерінің болуы мүмкін тератогенді әсері туралы жекеле-ген нұсқаулар бар), лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балалар (аталған дәрілік түрі үшін)

- Лебер ауруы, никотиндік амблиопия (көру жүйкесінің нейродегенеративті зақымдануы қаупін күшейте-ді)

- ширығу стенокардиясы ФК III

- қатерсіз немесе қатерлі жаңа түзілімдер (мегалобласттық анемия және В12 дәрумені тапшылығымен қа-тар жүретін жағдайларды қоспағанда)

 

 

Гематологиялық бұзылыстар: гиперкоагуляция.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: сирек – қозу жағдайы, бас ауыруы, бас айналуы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: сирек – кардиалгия, тахикардия.

Аллергиялық реакциялар: сирек – есекжем, бөртпе, қышыну, анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі.

Жергілікті реакциялар: ауыру, сирек – инъекция орнындағы тығыздану және некроз.

Өзгелері: акне, буллезді бөртпе, экзема, ісінулер, жүрек айнуы, тершеңдік, әлсіздік, қызба, несептің қы-зыл түске боялуы (В12 дәруменінің экскрециясы есебінен), жоғары дозаларда қолданғанда - гиперкоагу-ляция, пуриндік зат алмасудың бұзылуы.

 

 

Тері астына

Ересектер

Аддисон-Бирмер анемиясында - тәулігіне 100-200 мкг (0,2-0,4мл) күнара; фуникулярлы миелозда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен макроцитарлық анемияда - тәулігіне 400 - 500 мкг (0,8-1мл) бірінші аптада - күн сайын, содан кейін енгізу аралығындағы 5 - 7 күнге дейін интервалмен (бір мезгіл-де фолий қышқылын тағайындайды); ремиссия кезінде демеуші доза тәулігіне 100 мкг (0,2мл) айына 2 рет, неврологиялық құбылыстар болған кезде - 200 - 400 мкг-ден (0,4-0,8мл) айына 2 - 4 рет.

Жедел постгеморрагиялық және темір тапшылықты анемияда – 30-100мкг аптасына 2-3 рет, апластика-лық анемияда – клинико-гематологиялық жақсару басталғанға дейін 100 мкг.

Орталық және шеткергі жүйке жүйесінің ауруларында, ауыру синдромымен неврологиялық ауруларда жоғарылап отыратын дозада енгізеді

Ересектерге - тәулігіне 200 - 500 мкг (0,4-1 мл) ауыру синдромын басқанға дейін, содан кейін тәулігіне 100 мкг 2 апта бойы. Шеткері жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдануында – 200-400 мкг күнара 40 - 45 күн бойы.

Гепатит және бауыр циррозы кезінде – тәулігіне 30-60 мкг немесе 25-40 күн бойы күнара 100 мкг.

Жедел сәулелі ауруда, диабеттік невропатияда – 20-30 күн бойы күнделікті 60-100 мкг.

Фуникулярлық миелоз, бүйірлік амиотрофиялық склероз, жайылған склероз кезінде – интралюмбальді түрде 15-30 мкг және әрбір кезекті инъекцияда дозаны ұлғайтады (50 мкг, 100 мкг, 150 мкг, 200 мкг). Интралюмбальді түрде инъекцияны әр 3 күнде жасайды,бір курсқа барлығы 8-10 инъекция қажет.

Фуникулярлық миелоз белгілері болмаса ремиссия кезеңінде демеуші ем үшін айына екі рет 100 мкг, неврологиялық симптоматика болса – бір ай бойы 2-4 рет 200-400 мкг тағайындайды.

Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне

Цианокобаламиннің тапшылығын толтыру үшін енгізеді: емдеу үшін 1 мг-ден (2 мл) күн сайын 1-2 апта бойы, демеуші доза 1 - 2 мг (2-4 мл) аптасына 1 реттен айына 1 ретке дейін; алдын алу үшін - 1 мг (2 мл) айына 1 рет.

Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады.

Балалар

500 мкг/мл дәрілік түрін 3 жастан асқан балаларға қолданады.

Дозалары және қолдану режимі патологияға байланысты және тәулігіне 30мкг-ден 100 мкг дейінгі шекте ауытқиды.

Теріастына 1 мкг/кг дозада енгізеді, ең жоғары тәуліктік доза - 100 мкг (0,2мл). Гипо-апластикалық, алиментарлық анемияның әртүрлі формаларында мерзімі жетпей туған балаларға препаратты 3-тен 4 жасқа дейін 15-50 мкг-ден (0,1 мл), 4 жастан асқанда 50-100 мкг-ден (0,1 мл-0,2 мл), күн сайын, 15 күн бойы немесе клинико-гематологиялық жақсару болғанша тағайындайды.

Аурудан кейінгі дистрофиялық жағдайларда, Даун ауруында және балалардағы церебральді параличте – тері астына күнара 15-30 мкг.

Гепатит және бауыр циррозы кезінде тәулігіне 30-60мкг немесе 25-40күн бойы күнара 100 мкг енгізеді.

 

Әзірге Вит.В-12 (Цианокобаламин) 500мкг/1мл №10амп Борисов пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады