Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лизиноприл-Тева таб. 10мг №30 Меркле

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Лизиноприл
Фармакологиялық топ:
Ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері.
Элемент коды::
030096118743403009611874
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- артериялық гипертензияда

- жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде (диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен ке-шенді ем құрамында)

- 6 апта бойы тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде жедел миокард инфарктісінде (алғашқы 24 сағаттан бастап)

- екінші типті қант диабетіне ұшыраған және гипертензиясы мен бастапқы нефропатиясы бар пациент-терде бүйрек зақымданғанда

- Лизиноприл-Тева препаратына, препараттың басқа компоненттеріне, немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде бұның алдында АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну

- тұқым қуалайтын және идиопатиялық Квинке ісінуі

- жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрі

- қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (шумақтық сүзілу жылдамдығы<60мл/мин/1,73м2) пациенттерде Лизиноприл-Тева препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қол-дану

- 18 жасқа дейінгі балалар

Жиі

- бас айналу, бас ауыру

- ортостаздық әсерлер (артериялық гипотензияны қоса)

- жөтел

- диарея, құсу

- бүйрек функциясының бұзылуы

Кейде

- көңіл-күйдің өзгерулері, парестезия, вертиго, дисгевзия, ұйқының бұзылуы, елестеулер

- миокард инфарктісі және инсульт, бұлар қауіп тобы пациенттерінің арасында шамадан тыс гипертен-зия әсерінен туындаған болуы мүмкін, жүректің қағуы, тахикардия, Рейно феномені

- ринит

- жүректің айнуы, іштің ауыруы және ас қорытудың бұзылуы, бөртпе, қышыну

- импотенция

- қажығыштық, астения

- мочевинаның қандағы деңгейінің жоғрылауы, креатининнің қан сарысуындағы деңгейінің жоғарыла-уы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, гиперкалиемия

Сирек

- гемоглобин деңгейінің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі

- сананың шатасуы, иіс сезуің бұзылулары

- ауыз ішінің құрғауы

- есекжем, алопеция, псориаз, аллергиялық/ангионевроздық ісіну: беттің, аяқ- қолдың, еріндердің, тілдің, дыбыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

- уремия, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- антидиурездік гормонның адекватты емес секрециясының синдромы (АДГ АСС)

- гинекомастия

- қан сарысуында билирубин деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия

Өте сирек

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, аграну-лоцитоз, гемолиздік анемия, лимфаденопатия, аутоиммундық аурулар

- гипогликемия

- бронхтың түйілуі, синусит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония

- панкреатит, ішектің ісінуі, гепатоцеллюлярлық немесе холестаздық гепатит, сарғаю, бауыр функция-сының жеткіліксіздігі

- қатты терлеу, пемфигус, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, терінің жалған лимфомасы

- олигурия/анурия

Белгісіз

- анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакциялар

- депрессия синдромы, естен тану

Лизиноприл-Тева препаратын бір реттік тәуліктік дозада пероральді түрде қабылдайды. Тәулігіне бір рет қабылданатын барлық препараттар сияқты, Лизиноприл-Тева препаратын күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған жөн.

Лизиноприл-Тева препаратының сіңуі тамақ ішуге тәуелді емес. Дозаны жеке пациенттің ерекшелікте-ріне және артериялық қысым реакциясына байланысты жекелей есептеген жөн.

Артериялық гипертензия: Лизиноприл-Тева препаратын монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы басқа кластың дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Бастапқы доза - артериялық гипер-тензиясы бар пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдос-терон жүйесі өте белсенді пациенттерде (әсіресе реноваскулярлы артериялық гипертензиясы бар, және организмнен тұздардың шығарылуы жоғарылаған және/немесе жасушаарлық сұйықтық көлемі тапшы болатын, жүрек функциясының жеткіліксіздігі немесе артериялық гипертензияның ауыр түрі бар паци-енттерде) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымның шамадан тыс төмендегені бай-қалуы мүмкін. Осындай пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза 2,5-5 мг құрайды, және емдеу дә-рігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар болған жағдайда бас-тапқы дозаны төмендеткен жөн (төменде 1 кестені қараңыз).

Демеуші доза – әдеттегі тиімді демеуші доза бір реттік тәуліктік доза түрінде 20 мг құрайды. Жалпы ал-ғанда, егер қалаған емдік әсерге көрсетілген дозада препаратты қабылдаудың 2–4 аптасы ішінде қол жеткізілмесе, дозаны арттыруға болады. Ең жоғары доза тәулігіне 80 мг құрайды.

Диурездік препараттарды қабылдап жүрген пациенттер – симптоматикалық артериялық гипотензия Лизиноприл-Тева препаратын қолдануды бастағаннан кейін дамуы мүмкін. Бұл бір мезгілде диуретик-терді қабылдап жүрген пациенттер үшін көбірек ықтимал. Сондықтан мұндай пациенттерге, жасуша-аралық сұйықтық көлемі төмендейтін және/немесе организмнен тұздардың шығарылу жоғарылайтын болғандықтан, препаратты сақтықпен қабылдау ұсынылады. Егер мұндай мүмкіндік болса, диуретик-термен емдеуді Лизиноприл-Тева препаратымен емдеуді бастаудан 2-3 күн бұрын тоқтату қажет. Диуретиктерді қолдануды тоқтатуға болмайтын, артериялық гипертензиясы бар пациенттер үшін Лизи-ноприл-Тева препаратымен емдеуді бастапқы 5 мг дозадан бастау керек. Бүйрек функциясын және қандағы калий деңгейін бақылау қажет. Лизиноприл-Тева препаратының кейінгі дозаларын артерия-лық қысымның реакциясына қарай таңдау қажет. Егер қажет болса, диуретиктермен емдеуді қайтадан бастауға болады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозаны таңдау.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозалау төменде 1 кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсі деңгейіне негізделуі тиіс.

1 кесте. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозаны таңдау 

            Креатинин клиренсі (мл/мин)                                 Бастапқы доза (мг/тәул.)

             Минутына 10 мл-ден азырақ                                                        2,5 мг*                                       (гемодиализде жүрген науқастарды қоса)

                        10-30 мл/мин                                                                 2,5-5 мг

                        31-80 мл/мин                                                                  5-10 мг

* Дозаны және/немесе қабылдау жиілігін артериялық қысым реакцияларының көрсеткіштеріне қарай есептеу қажет. Дозаны артериялық қысым қалпына келгенше немесе лизиноприлдің ең жоғары дозасы тәулігіне 40 мг жеткізілгенге дейін біртіндеп арттыруға болады.

Гипертензиядан зардап шегіп жүрген 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану

Дене салмағы 20-дан бастап <50 кг дейінгі пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 2,5 мг, және дене салмағы 50 кг-ден көбірек пациенттерде тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Дене салма-ғы 20-дан бастап <50кг дейінгі пациенттерге дозалау жекелей тәулігіне 20 мг-ге дейін, салмағы 50кг жоғары пациенттер үшін 40 мг-ге дейін есептелуі тиіс. 0,61 мг/кг-ден астам (немесе 40 мг-ден көбірек) дозалау бала пациенттерде зерттелген жоқ. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар балаларда бас-тапқы дозаны азайту, немесе қабылдау арасындағы аралықты арттыру қажет.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі: Жүрек функциясының симптоматикалық жеткіліксіздігі бар пациенттерге Лизиноприл-Тева препаратын диуретиктерге қосымша ем ретінде және, жөнді болса, ди-гиталиспен немесе бета-блокаторлармен бірге қолданған жөн. Лизиноприл-Тева препатымен емдеуді тәулігіне 1 рет 2,5 мг дозадан бастауға болады, препарат қабылдауды препараттың артериялық қысым-ға бастапқы ықпалын анықтау үшін, дәрігердің бақылауымен жүзеге асыру қажет. Лизиноприл-Тева дозасын келесі ретпен арттыру қажет:

• лизиноприлді 10 мг-ден аспайтын адыммен

• дозаны арттыру арасындағы аралық кем дегенде 2 аптаны құрауы тиіс

• пациент көтере алатын, тәулігіне 1 рет 35 мг-ден аспайтын ең жоғары дозаға жеткенге дейін

Дозаны жеке пациенттердің клиникалық реакциясына сәйкес таңдаған жөн.

Симптоматикалық гипотензия қаупі жоғары пациенттерге, мысалы, организмнен гипонатриемиялы/он-сыз тұздардың шығарылу деңгейі жоғары адамдарға, гиповолемиясы бар пациенттерге немесе диуре-тиктермен қарқынды емдеуден кейін, егер мүмкін болса, Лизиноприл-Тева препаратымен емдеуді бас-тағанға дейін, өзінің денсаулық жағдайын жақсартқаны жөн. Бүйрек фукциясына және қан плазмасын-дағы калий деңгейіне зерттеу жүргізу қажет.

Жедел миокард инфарктісінде дозалануы: Қажет болған жағдайда пациент стандартты емделуден, мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен және бета-блокаторлармен емделуден өтуі тиіс. Лизиноприл- Тева препаратымен бірге нитроглицеринді вена ішіне немесе трансдермальді түрде қолдануға болады.

Бастапқы доза (инфарктен кейінгі алғашқы 3 күн) - Лизиноприл-Тева препаратымен емдеуді симптом-дар пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде бастауға болады. Емдеуді, егер систолалық артериялық қы-сым көрсеткіштері 100 мм с. б.-дан төмен болса, бастамаған жөн. Лизиноприл-Тева препаратының бас-тапқы дозасы пероральді түрде 5 мг, содан соң 24 сағаттан кейін 5 мг, 48 сағаттан кейін 10 мг және әрі қарай тәулігіне 1 рет 10мг құрайды. Систолалық артериялық қысымы төмен (120 мм с. б. немесе төмен) пациенттер инфарктен кейін алғашқы 3 күнде емдеуді бастар алдында немесе емдеу кезінде өте төмен – 2,5 мг дозаны пероральді түрде қабылдауы тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <80 мл/мин)

Лизиноприл-Тева препаратының бастапқы дозасын пациенттің креатинин клиренсі көрсеткіштеріне сәйкес таңдау қажет.

Демеуші доза

Демеуші доза тәулігіне бір рет 10мг құрайды. Гипотензия (систолалық артериялық қысым ≤100мм с. б.) пайда болған жағдайда тәулігіне 5мг демеуші доза қажет болғанда тәулігіне 2,5 мг-ге дейін уақытша төмендетілуі мүмкін. Егер ұзаққа созылатын гипотензия байқалса (90 мм с. б.-дан төмен систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астамға сақталса), Лизиноприл-Тева препаратын қолданып емдеуді тоқ-тату қажет.

Емдеуді 6 апта бойы жүргізген жөн, ал содан кейін пациенттің жағдайына қайтадан баға беру қажет. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары бар пациенттерге Лизиноприл-Тева препаратымен емдеуді әрі қарай жалғастыру қажет.

Қант диабетінде бүйрек тарапынан асқынулар: Артериялық гипертензиясы, ІІ типті қант диабеті және нефропатияның бастапқы сатысы бар науқастар үшін Лизиноприл-Тева препаратының дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды.

Қажет болған жағдайда диастолалық артериялық қысымды 90 мм с. б.-ден төменге жеткізу үшін оны тәулігіне 1 рет 20 мг лизиноприлге дейін арттыруға болады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <80мл/мин)

Лизиноприл-Тева препаратының бастапқы дозасын пациенттің креатинин клиренсінің көрсеткіштеріне сәйкес таңдаған жөн.

Балаларға қолданылуы: Лизиноприл-Тева препаратын артериялық гипертензиядан басқа, өзге көр-сеткіштері бар балаларға, 6 жастан кіші балаларға немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (шу-мақтық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин/1,73 м2) бар балаларға қолдану ұсынылмайды (1 кестені қа-раңыз).

Әзірге Лизиноприл-Тева таб. 10мг №30 Меркле пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады