Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Вазар Н 160мг/25мг №30таб Балканфарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Валсартан, гидрохлортиазид
Фармакологиялық топ:
Ангиотензина II антагонисты диуретиктер комбинациясында
Элемент коды::
5690528179248
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- эссенциялық гипертензия, соның ішінде валсартан немесе гидрохлортиазид монотерапиясы кезінде артериялық қысымды адекватты бақылау қиын болатын эссенциялы гипертензиямен науқастарды емдеу үшін

 Вазар Н компоненттерінің біріне, басқа да сульфаниламидтік препараттарға, соя майы-на, жержаңғақ майына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

 бауыр функциясының ауыр бұзылуы, билиарлық цирроз және холестаз

 анурия, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

 тұрақты гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гипер-урикемия

 бастапқы гиперальдостеронизм

 подагра

 галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы син-дромы

 қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттер Вазар Н препаратын валсартанды қоса, құрамында алискирен бар препараттармен немесе АӨФ тежегіштерін алискиренмен бірге қолдану

 жүктілік және лактация кезеңі

 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалағанда мынадай градациялар пайдала-нылды: “өте жиі” - >1/10, “жиі” - >1/100-ден <1/10-ға дейін, “жиі емес” - >1/1000-нан < 1/100-ге дейін, “сирек” - >1/10000-нан <1/1000-ға дейін, “өте сирек” - <1/10000.

Вазар Н қабылдаған кездегі жағымсыз әсерлер жиілігі

Жиі емес

 дегидратация

 парестезия

 көрудің бұзылуы

 құлақтағы шуыл

 гипотензия

 жөтел

 миалгия

 шаршау

Өте сирек

 бас айналу

 диарея

 артралгия

Жиілігі анықталмаған

 естен тану

 өкпенің кардиогенді емес ісінуі, синусит, бронхит

 бүйрек функциясының бұзылуы

 қан сарысуындағы несеп қышқылы, билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, гипонатриемия, қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы, нейтро-пения

Препараттың жеке компоненттері туралы қосымша ақпарат.

Препараттың жеке компоненттерін қолданумен байланысты бұрын хабарланған жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулер кезінде немесе тіркеуден кейінгі кезеңде байқалмаса да, потенциалды түрде Вазар Н препаратымен емдеудің жағымсыз әсерлері болып табы-луы мүмкін.

Валсартанды қабылдаған кездегі жағымсыз әсерлер жиілігі

Жиі емес

 бас айналу

 іштің ауыруы

Жиілігі анықталмаған

 гемоглобин, гематокрит деңгейінің төмендеуі, тромбоцитопения

 басқа аса жоғары сезімталдық реакциялары/сарысулық реакцияны қоса, аллергиялық реакциялар

 қан плазмасында калий деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия

 васкулит

 бауыр сынамалары деңгейінің жоғарылауы

 ангионевроздық ісіну, қышыну, бөртпе

 бауыр жеткіліксіздігі

Гидрохлортиазидті қабылдаған кездегі жағымсыз әсерлер жиілігі

Өте жиі

 гипокалиемия, қандағы липидтер жеңгейінің жоғарылауы (негізінен жоғары дозаларды қабылдағанда)

Жиі

 гипонатриемия, гипомагниемия, гиперурикемия

 постуральді гипотензия

 тәбеттің жоғалуы, жеңіл жүрек айну сезімі, құсу

 есекжем және әртүрлі көрініс беруі

 импотенция

Сирек

 кейде пурпурамен тромбоцитопения

 гиперкальциемия, гипергликемия, глюкозурия және диабеттік метаболизмдік статустың нашарлауы

 депрессия, ұйқының бұзылуы

 бас ауыруы, бас айналу, парестезия

 көрудің бұзылуы

 іштің ауыруы

 аритмия

 асқазан-ішек жолының жайсыздығы, іш қату, диарея

 бауырішілік холестаз немесе сарғаю

 фотосезімталдық реакциялары

Өте сирек

 гипохлоремиялық алкалоз

 агранулоцитоз, лейкопения, гемолиздік анемия, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі

 аса жоғары сезімталдық реакциялары – пневмония мен өкпенің ісінуін қоса, респира-торлық дистресс синдромы,

 некроздаушы васкулит және уытты эпидермальді некролиз, жүйелі қызыл жегіні еске түсіретін тері реакциялары, жүйелі қызыл жегінің тері көріністерінің өршуі

 панкреатит

 аллергиялық реакциялар

 гипохлоремия, алкалоз

Жиілігі анықталмаған

 гемоглобиннің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі, тромбоцитопения

 апластикалық анемия

 жабық бұрышты глаукома

 мультиформалы эритема

 бұлшықет түйілуі

 бүйрек функциясының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

 пирексия, астения

 сарысу ауруын қоса аса жоғары сезімталдық, аллергиялық реакциялар

 қан сарысуында калийдің артуы, гипонатриемия

 васкулит

 бауыр функциясы мәнінің жоғарылауы

 Квинке ісінуі, буллезді дерматит, қышыну, бөртпе

Дозасы

Вазар Н препаратының ұсынылатын дозасы - ас ішуге байланыссыз, сумен іше отырып, күнделікті тәулігіне бір рет 1 таблеткадан. Қажет болғанда доза 160 мг валсартанға дейін және 12,5 мг гидрохлортиазидке дейін немесе 160 мг валсартанға дейін және 25 мг гидро-хлортиазидке дейін арттырылуы мүмкін, бірақ валсартанның/гидрохлортиазидтің ең жоға-ры дозасы - 320 мг/25 мг-ден аспайды. Жеке компоненттердің дозасын титрлеу ұсыныла-ды.

Тұрақты гипотензиялық әсері 2 апта ішінде басталады.

Көптеген пациенттерде ең жоғары әсері 4 апта емдеу барысында байқалады. Алайда, кей-бір пациенттер үшін препаратты 4-8 апта қабылдау қажет болуы мүмкін. Мұны дозаны титрлеген кезде ескеру керек.

Ең жоғары тәуліктік доза 320 мг/25 мг құрайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) ≥ 30 мл/мин) пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Холестазсыз жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациент-терде валсартан дозасы 80 мг аспауы тиіс.

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін гидрохлортиазид дозасын түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді емдеген кезде дозаны түзету қажет емес.

Әзірге Вазар Н 160мг/25мг №30таб Балканфарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады