Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ваксигрип сусп. 0,25мл/1доза №1шпр Санофи

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 1 шприцтер
Белсенді зат:
Тұмау вирусы (әлсіреген)
Фармакологиялық топ:
Тұмауға қарсы вакциналар.
Элемент коды::
97986895464?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- ересектер мен 6 айдан асқан балаларда тұмаудың профилактикасы үшін. Ваксигрип ресми ұсыныстарға сәйкес қолданылуы тиіс.

 

 

- белсенді компоненттеріне, қандай да болсын қосымша заттарға, сондай-ақ қалдық мөлшерлерде болатын жұмыртқа компоненттеріне (овальбуминге, тауықтың ақуызына), неомицинге, формальдегидке және 9 октоксинолға аса жоғары сезімталдық

- дене температурасы жоғарылауымен бірге жүретін аурулар, сондай-ақ жедел аурулар және созылмалы аурулардың өршуі

- анамнезінде Ваксигрипті енгізгенде анафилаксиялық реакция болған жағдай

- 6 айлыққа дейінгі балаларға

- жүктіліктің бірінші триместрі

 

 

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау төмендегі критерийлерге сәйкес жүргізіледі:

өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-дан < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-дан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).

Ересек және егде жастағы пациенттер.

Өте жиі

- бас ауруы

- миалгия

- инъекция орнындағы: ауыру және ауырсыну, эритема немесе қызару, ісіну немесе домбығу, тығызда-ну, қышыну

- жайсыздық сезімі, әлсіздік

Жиі

- қатты терлеу

- артралгия

- дене температурасының жоғарылауы, діріл, қалтырау, инъекция орнына қан құйылу

Жиі емес

-лимфаденопатия

- бас айналуы, ұйқышылдық

- диарея, жүрек айнуы

- тұмауға ұқсас синдром, инъекция орнындағы ысыну сезіну, инъекция орнындағы жайсыздық

Сирек

- беттің ісінуі, есекжем, қышыну, жайылған қышыну, эритема, жайылған эритема, бөртпе сияқты аллергиялық реакциялар

- гипестезия, парестезия, невралгия, мойын-иық радикулиті 

Жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар

- өтпелі тромбоцитопения

- ентігу, ангионевротикалық ісіну, шок сияқты ауыр аллергиялық реакциялар

- құрысулар, энцефаломиелит, неврит, Гийен-Барре синдромы сияқты неврологиялық бұзылулар

- жеке жағдайларда бүйрек функциясының өтпелі бұзылулары бар Шенлейн-Генох ауруы сияқты васкулит.

3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.

Өте жиі

- бас ауыруы

- миалгия

- инъекция орнындағы: ауыру және ауырсыну, эритема немесе қызару, ісіну немесе домбығу, тығызда-ну,

- дімкәстік

Жиі

- бас айналуы

- дене температурасының жоғарылауы, діріл, қалтырау, инъекция орнына қан құйылу, инъекция орнындағы жайсыздық және қышыну

Жиі емес

-лимфаденопатия

- есекжем

- диарея

- инъекция орнындағы ысынуды сезіну, инъекция орнындағы қан кетулер

Жиілігі белгісіз жағымсыз әсерлер

- өтпелі тромбоцитопения

- қышыну, эритемалы бөртпе, ентігу, ангионевротикалық ісіну, шок сияқты аллергиялық реакциялар

- невралгия, парестезия, құрысулар, энцефаломиелит, неврит, Гийен-Барре синдромы сияқты невро-логиялық бұзылулар

- жеке жағдайларда бүйрек функциясының өтпелі бұзылулары бар Шенлейн-Генох ауруы сияқты васкулит.

6 айдан бастап 35 айға дейінгі балалар үшін

Өте жиі

- тәбет төмендеуі, тәбеттің болмауы

- қалыптан тыс жылау, ашушаңдық

- сылбырлық

- диарея

- инъекция орнындағы: ауыру және ауырсыну, эритема немесе қызару, ісіну немесе домбығу, тығызда-ну

- дене температурасының жоғарылауы

Жиі

- ұйқысыздық

- құсу

- инъекция орнының қышынуы, инъекция орнына қан құйылу

Жиілігі белгісіз жағымсыз әсерлер

- өтпелі тромбоцитопения

- лимфаденопатия

- есекжем

- қышыну, эритемалы бөртпе, ентігу, ангионевротикалық ісіну, шок сияқты аллергиялық реакциялар

- парестезия, құрысулар, энцефаломиелит сияқты неврологиялық бұзылулар

- жеке жағдайларда бүйрек функциясының өтпелі бұзылулары бар Шенлейн-Генох ауруы сияқты вас-кулит.

 

 

Вакцина бұлшықет ішіне немесе тері астына терең етіп енгізіледі!

Вена ішіне енгізуге болмайды!

Пайдаланар алдында вакцинаны бөлме температурасында ұстаған және сілкіген жөн.

Препаратты суспензияда бөгде бөлшектер болған жағдайда пайдаланылмауы тиіс.

6 айдан бастап 35 айға дейінгі балалар үшін бір реттік доза 0,25 мл тағайындалады. Клиникалық деректер шектеулі.

36 айдан асқан балалар және ересектер үшін – 0,5 мл.

Тұмауға қарсы алғаш рет вакцинация жасалатын балаларға вакцинаны 4 апталық аралықпен екі рет енгізу керек.

Балаларды иммунизациялау үшін көрсетілген 0,25 мл енгізуде, ішінде 0,5мл вакцина бар шприц пайдаланғанда шприцті тік қалпында ұстап тұрып, поршеньді арнайы сызығына дейін басу арқылы ішіндегісінің жартысын шығарып тастау керек. Пациентке вакцинаның қалған мөлшерін енгізу керек.

Вакцинацияны елімізде қабылданған ұсыныстарды ескере отырып жүргізеді.

Вакцинаны енгізу техникасы

36 айдан асқан балалар және ересектер үшін: бұлшықет ішіне енгізгенде оңтайлы орын санның алдың-ғы бүйір беткейі болып табылады (немесе бұлшықет массасы қалыпты болғанда дельта пішінді бұлшы-қет).

12 айдан бастап 35 айға дейінгі балалар үшін: бұлшықет ішіне енгізгенде оңтайлы орын санның алдың-ғы бүйір беткейі болып табылады (немесе бұлшықет массасы қалыпты болғанда дельта пішінді бұлшы-қет).

6 айдан бастап 11 айға дейінгі балалар үшін: бұлшықет ішіне енгізгенде оңтайлы орын санның алдың-ғы бүйір беткейі болып табылады.

Бұл дәрілік препаратпен жұмыс істегенде немесе қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Вакцинаның қалғаны және барлық қалдықтар жергілікті талаптарға сай утилизациялануы тиіс.

 

Әзірге Ваксигрип сусп. 0,25мл/1доза №1шпр Санофи пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады