Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Плавикс 300мг №4таб п.о. Санофи

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 4
Белсенді зат:
Клопидогрел
Фармакологиялық топ:
Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері
Элемент коды::
3582910034384
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Атеротромбоздық оқиғалардың алдын алу

- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен кемінде 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен кемінде 6 айға дейін) зардап шегетін ересек науқастарда немесе шеткергі артериялар ауруы диагностикаланған науқастарда

- жедел коронарлық синдромнан зардап шегетін ересек науқастарда:

- ST сегменті көтерілуінсіз жедел коронарлық синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде коронарлық тамырларға тері арқылы араласу барысында коронарлық стент орнатылған науқастарға ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріп;

- ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктіріп дәрі- дәрмектік емде жүрген тромболитикалық ем жүргізуге жарамды науқастарда;

Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу

- қантамыр ауруының ең болмағанда бір факторы болатын жыпылықтағыш аритмиясы бар ересек науқастарда, К витаминінің антагонистерін (КВА) көтере алмайтын және қан кету қаупі төмен науқастарда, ми инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғаларды болдырмау үшін клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде көрсетілген.

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- пептидтік ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел қан кету

Қан кету клиникалық зерттеулерде де тіркелген, постмаркетингтік кезеңде де, ең алдымен, емнің алғашқы айында тіркелген ең жиі реакция болып табылады.

Төменде клиникалық зерттеулерде атап өтілген немесе өздігінен келіп түскен хабарламаларда мәлімделген жағымсыз реакциялар берілген.

Жиі (≥ 1/100, <1/10)

- гематома және жарақаттайтын соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнынан қан кету

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар жөнінде хабарланған), бас ауыру, парестезия, бас айналу

- көзге қан құйылу (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді)

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, іш қату, метеоризм

- бөртпе, қышыну, теріге қан құйылу (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофильдер санының кемуі, тромбоциттер санының азаюы

Сирек (≥ 1/10000, <1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- вертиго (вестибулярлы бас айналу)

- ретроперитонеальді қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, жүре пайда болған А гемофилиясы, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезудің бұзылуы

- ауыр қан кету, операциялық жарақаттан қан кету, васкулит, гипотензия

- респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы немесе лимфоцитарлық), стоматит

- жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауырдың функционалдық сынамаларының патологиялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема), дәрі қабылдаудан болатын ангионевротикалық ісіну, жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік бөртпе (DRESS-синдром), эритематозды бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- қаңқа-бұлшықеттен қан кету (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қанда креатинин деңгейінің көтерілуі

- қызба

Жиілігі белгісіз

- айқаспалы реактивтілік нәтижесінде дамыған тиклопидин және прасугрел сияқты тиенопиридинді препараттарға жоғары сезімталдық («Айрықша нұсқауларын» қараңыз)

Күдік тудырған жағымсыз реакциялардың мәлімделуі

Күдік тудырған жағымсыз реакциялардың мәлімделуі препарат тіркелгеннен кейін де маңызды болып табылады. Бұл дәрілік затқа тән «пайда/қауіп» арақатынасына тұрақты мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерін кез келген күдік тудырған жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы хабарлауды өтіну қажет.

Ішке қабылдауға арналған. Ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Ересектер және егде жастағы науқастар Клопидогрелді жедел коронарлық синдромнан зардап шегетін науқастар 300 мг жүктеме дозада қабылдау керек:

- ST сегменті көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу бір реттік 300 мг жүктеме дозадан басталып, ал соңынан тәулігіне бір рет 75 мг дозамен (тәулігіне 75-325 мг дозадағы ацетилсалицил қышқылымен) жалғасты-рылуы тиіс. АСҚ өте жоғары дозалары қан кету қаупінің жоғарылауын ілестіретіндіктен, АСҚ дозасын 100 мг-ден асырмау ұсынылады. Емдеудің ұтымды ұзақтығы формальді түрде белгіленбеген.

Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емделген соң байқалады.

- ST сегменті көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді АСҚ және басқа тромболитикалық дәрілермен біріктіріп немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, 75 мг тең бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастаған дұрыс. Біріктірілген емді симптомдар білінгеннен кейін мүмкіндігінше ертерек бастап, кем дегенде, 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы ауру тұсында клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімімен 4

апта емдеудeн кейінгі оң әсері зерттелмеген («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Жыпылықтағыш аритмиясы бар науқастарға клопидогрелді 75 мг тең бір реттік тәуліктік дозада тағайындау керек. АСҚ (тәулігіне 75-100 мг) қабылдауды бастап, оны клопидогрелмен біріктіріп қолдануды жалғастырған жөн («Фармакодинамикасын» қараңыз).

Егер дозаны өткізіп алса:

- әдетте дәрі қабылдау жоспарланған мезгілден кейін 12 сағаттан аз уақыт өтсе:

науқастар дозаны дереу қабылдап, одан кейін келесі дозаны әдетте дәрі қабылдау жоспарланған мезгілде қабылдау керек

- 12 сағаттан көп асып кетсе: науқастар келесі дозаны әдетте дәрі қабылдау жоспарланған мезгілде қабылдау керек, бірақ екі есе дозасын қабылдауға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарды емдеу тәжірибесі шектеулі («Айрықша нұсқауларын» қараңыз).

Бауыр функциясының бұзылуы

Геморрагиялық диатез болуы мүмкін ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр ауруы бар емделушілерді емдеу тәжірибесі шектеулі («Айрықша нұсқауларын» қараңыз).

Әзірге Плавикс 300мг №4таб п.о. Санофи пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады