Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Винпоцетин 0,5% 2мл №10амп Сотекс ФармФирма ЗАО,Россия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Винпоцетин
Фармакологиялық топ:
Психостимуляторлар және ноотроптар
Элемент коды::
01111??2?111
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- неврологияда (кешенді ем құрамында):

ми қан айналымы жеткіліксіздігінің әр алуан түрлерінде (ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульттің қалпына келу сатысы, өткерген инсульттің салдары; транзиторлық ишемия шабуылдары; тамырлық де-менция; вертебробазилярлы бассейндегі қан айналымының жеткіліксіздігі; ми қан тамырлары атероскле-розы; жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия)

- офтальмологияда:

көз қан тамырлары қабығының және торқабықтың созылмалы қантамырлық ауруларында, оның ішінде орталық артерия немесе торқабық көктамырының тромбозы (окклюзия)

- оториноларингологияда:

естудің перцептивтік типті төмендеуінде, Меньер ауруында, идиопатиялық құлақ шуылдауында.

- винпоцетинге немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- жүрек ишемиялық ауруының үдемелі түрлері

- жүрек ырғағы бұзылуларының ауыр түрлері

- геморрагиялық инсульттің жедел фазасы

- жүктілік және лактация кезеңінде

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің жеткі-ліксіздігіне байланысты)

Жиі

- артериялық қысымның транзиторлы төмендеуі

- бет терісі гиперемиясы

- енгізу орнындағы тромбофлебит

Жиі емес

- ЭКГ-дегі өзгерістер (ST сегментінің депрессиясы, Q-T аралығының ұзаруы), тахикардия, экстрасистолия (себеп-салдарлық байланысы анықталмаған)

- ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, қатты ұйқышылдық), бас айналуы, бас ауыруы, жалпы әлсіздік (негізгі аурудың көрінісі болуы мүмкін)

- қатты тершеңдік

- ысыну сезімі

- жүрек айнуы

Өте сирек

- терінің аллергиялық реакциялары.

Тек көктамыр ішіне тамшылатып, баяу (инфузияның ең жоғары жылдамдығы минутына 80 тамшы!) енгізеді.

Препаратты бұлшықет ішіне және сорғалатып енгізуге жол берілмейді!

Бастапқы тәуліктік дозасы 20 мг құрайды. Инфузияға арналған ерітіндіні 0,5-1 л электролиттердің изотониялық ерітінділерінде немесе құрамында декстроза бар (мысалы, Рингер ерітіндісі (Ringer), сондай-ақ Сальсол (Salsol), Риндекс (Rindex), Реомакродекс (Rheomacrodex) изотониялық ерітінділерде сұйылту жолымен дайындайды.

Жақсы көтере алғанда препараттың дозасын 2-3 күннің ішінде дене салмағына 1 мг/кг дейін жоғарыла-тады. Емдеу курсын орташа алғанда 10-14 күн бойы жалғастырады, жалпы қабылданған тәуліктік доза 70 кг дене салмағына есептегенде тәулігіне 50 мг құрайды. Винпоцетиннің гепато- және нефроуытты әсері жоқтығына байланысты бүйрек немесе бауыр аурулары бар науқастарда дозаны өзгерту қажет емес.

Парентеральді енгізу курсы аяқталғаннан кейін препаратты ішу арқылы қабылдауға көшеді. Препаратты тоқтатар алдында дозаны біртіндеп азайтқан жөн.

Сақтықпен

Винпоцетинді мына емделушілерде сақтықпен қолдану керек:

- артериялық қысымы тұрақсыз, тамыр тонусы төмен

- геморрагиялық церебральді инсульт кезінде винпоцетинді парентеральді енгізуге тек жедел құбылыстар төмендеген соң ғана жол беріледі (әдетте 5-7 күннен кейін).

Әзірге Винпоцетин 0,5% 2мл №10амп Сотекс ФармФирма ЗАО,Россия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады