Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Фуцис 200мг №4таб Кусум

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 4
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы препараттар
Элемент коды::
8906002051458
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 410 ₸
Бонустарды сатып алу: 88.20
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

-жайылған кандидозда, оның ішінде кандидемияны қосқанда, диссеминирленген кандидозда және эндо-кардтың, көздердің, тыныс және несеп жолдарының жұқпалары сияқты кандидозды жұқпалардың басқа инвазивті түрлерінде

- шырышты қабықтардың кандидозында, оның ішінде ауыз қуысы мен тамақтың, өңеш шырышын қоса, инвазивті емес бронхөкпе кандидозды жұқпаларында, кандидурияда, тері-шырыш және ауыз қуысының шырышты қабығының (тіс протездерін киюге байланысты) созылмалы атрофиялық кандидозында

- генитальді кандидозда; жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидозда; жиі қайталанатын қынаптық кандидозды азайту мақсатында алдын алу үшін (жылына 3 рет және одан да көп пайда болғанда); канди-дозды баланитте

- криптококкты менингит және басқа орындағы жұқпаларда

- дерматомикоздар, табандардың, шап аймағының микоздарын қоса, тырнақ теміреткісі (онихомикоз), сондай-ақ кебек тәрізді теміреткіде

- кокцидиомикозды, паракокцидиомикозды, споротрихоз және гистоплазмозды қоса алғандағы терең эндемиялық микоздарда

 

- цитостатикалық немесе сәулелік терапия алатын емделушілерде, ЖИТС-пен науқастардағы зеңдік жұқпалардың (криптококкоз, орофарингеальді кандидоз) алдын алуда

 

 

  • флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе флуконазол құрылымына ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

  • тәулігіне флуконазолдың 400 мг және одан да жоғары дозасын көп рет қолдану кезінде бір мезгілде терфенадинді қолдану

  • цизапридті, терфенадинді бір мезгілде қолдану

  • жүктілікте және лактация кезеңі

  • 7 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен

 

Флуконазолды қолдану аясында бауыр қызметінің көрсеткіштері бұзылғанда; флуконазолды қолдану аясында беткейлік зеңдік жұқпалары және инвазивті/жүйелі зеңдік жұқпалары бар науқастарда бөртпелер пайда болуы; терфенадинді және флуконазолды бір мезгілде тәулігіне 400 мг-дан аз дозада қолдануға; потенциалды проаритмиялық жағдайы қауіпті факторлары көп науқастарда (органикалық жүрек ауруларында, электролитті тепе-теңдік бұзылғанда және қосымша емнен кейін болатын ұқсас бұзылыстар кезінде).

 

 

- бас ауыруы, бас айналуы, құрысу, дәм сезудің өзгеруі

- ЭКГ-де QT аралығының артуы, қарыншалық жыпылықтау/дірілдеу

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, диспепсия

- гепатоуыттылық, өлім-жітімі бар сирек жағдайларды қосқанда,

сілтілік фосфатаза, билирубин деңгейінің, аминотрансфераза сарысу деңгейінің (АЛТ және АСТ) артуы, плазмада холестерин және триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатит, гепатоцеллюлярлы некроз, сары ауру

- лейкопения, нейтропенияны және агранулоцитозды, тромбоцитопенияны қоса алғанда, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

-анафилаксия (ангионевротикалық ісінуді, бет ісінуін, есекжемді, қышыманы қоса алғанда)

 

- бөртпе, алопеция, Стивенс-Джонсон синдромын және эпидермистің уытты некролизін қоса алғандағы эксфолиативті тері аурулары

 

 

 Ересектерге қолданылуы

Кандидемия кезінде, диссеминирленген кандидозда және басқа да инвазивті кандидоздық жұқпаларда доза бірінші тәулікте 400 мг, ал содан кейін тәулігіне 200 мг. Қажет болған жағдайда доза тәулігіне 400 мг-ға дейін жоғарылатылуы мүмкін.

Орофарингеальді кандидоз кезінде препаратты әдетте тәулігіне 1 рет 50-100 мг-дан тағайындайды; емнің ұзақтығы -7-14 күн. Иммунитеттің айқын төмендеуі бар науқастарда қажетіне қарай ем ұзағырақ болуы мүмкін.

Тіс протездерін киюден болатын ауыз қуысы шырышты қабығының атрофиялық кандидозында препаратты әдетте протезді өңдеуге арналған жергілікті антисептикалық дәрілермен үйлесімде 14 күн бойына тәулігіне 1 рет 50 мг дозада тағайындайды.

Шырышты қабықтың басқа да кандидозды жұқпаларында (генитальді кандидозды қоспағанда), мысалы, эзофагитте, инвазивті емес бронхөкпе жұқпаларында, кандидурияда, тері және шырышты қабық кандидозында тиімді доза әдетте тәулігіне 50-100 мг құрайды, емдеу ұзақтығы 14-30 күн.

ЖИТС-пен ауыратын науқастарда орофарингеальді кандидозы қайталануының алдын алу үшін біріншілік терапия толық курсын аяқтағаннан кейін аптасына 1 рет 150 мг дозадан тағайындайды.

Қынаптық кандидоз кезінде флуконазолды бір рет 150 мг дозада ішке тағайындайды. Ауырудың қайталануының жиілігін төмендету үшін препаратты айына 1 рет 150 мг дозада қабылдайды. Емнің ұзақтығын әр адамға жеке белгілейді (4-тен 12 айға дейін).

Кандидозды баланит кезінде флуконазолды 150 мг дозада бір рет ішке қабылдауға тағайындайды.

Қатерлі ісігі бар науқастардағы зеңдік жұқпалардың алдын алу үшін зеңдік жұқпаның даму қаупінің дәрежесіне байланысты флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 50-400 мг құрайды.

Жайылатын жұқпаның қаупі жоғары науқастар үшін, мысалы, айқын немесе нейтропениясы ұзақ сақталатын науқастар үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 400 мг құрайды.

Криптококктық менингитте және басқа жерлерге орныққан криптококктық жұқпаларда бірінші күні әдетте 400 мг тағайындайды, одан кейін емді тәулігіне бір рет 200-400 мг дозада тағайындайды. Криптококктық жұқпаны емдеу ұзақтығы микологиялық зерттеулермен бекітілген клиникалық тиімділігіне байланысты. Криптококктық менингитте емдеу курсы 6-8 аптадан кем емес. ЖИТС-пен ауыратын науқастардағы криптококктық менингиттің қайталануының алдын алу үшін (біріншілік емдеу курсы аяқталғаннан кейін) флуканозолдың тәулігіне 200мг дозасымен емдеуді ұзақ уақыт жалғастыруға болады.

Тері жұқпаларында, табандардың, тегіс терінің, шап аймағының микоздарын қосқанда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг немесе тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Емнің ұзақтығы әдетте 2-4 апта, алайда табан микозында әдеттегіден ұзағырақ уақыт емдеу (6 аптаға дейін) қажет болуы мүмкін. Кебек тәрізді теміреткіде ұсынылатын доза 2 апта бойы аптасына бір рет 300 мг-ды құрайды; кейбір науқастарға аптасына препараттың үшінші дозасы 300 мг керек болуы мүмкін, ал кейбір науқастар үшін препаратты бір рет 300-400 мг қабылдау жеткілікті болады. Емдеудің альтернативті үлгісі препаратты 50 мг-нан 2-4 апта бойы тәулігіне бір рет қолдану болып табылады. Онихомикоз кезінде ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг құрайды. Емдеуді зақымданған орында сау тырнақ пластинкасы толық түрде пайда болғанша жалғастыру керек. Қол - аяқ тырнақтары қайтадан толық өсуі үшін әдетте тиісінше 3-6 ай және 6-12 ай қажет. Алайда, тырнақтың өсу жылдамдығы әр адамдарда, сондай-ақ жас ерекшелігіне байланысты әр қилы алшақтықпен ауытқиды. Ұзақ сақталған созылмалы жұқпаны табысты емдегеннен кейін кейде тырнақ түрінің өзгергені байқалады.

Терең эндемиялық микозда препаратты тәулігіне 200-400 мг дозада қолдану талап етілуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы әр адамға жеке анықталады; кокцидиомикозда – 11 – 24 ай, паракокцидиомикозда – 2 – 17 ай, споротрихозда – 1 – 16 ай, гистоплазмозда – 3 – 17 ай.

Егде жастағы адамдарға қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері жоқ болған кезде препаратты әдеттегі дозада тағайындайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар (балаларды қоса алғанда) науқастарда (креатинин клиренсі <50 мл/мин) препарат дозасын төменде сипатталғандай түзетеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға қолдану

Бір рет қабылдау кезінде дозаны өзгерту талап етілмейді. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда препаратты көп рет қабылдаған кезде бірінші рет екпінді дозада 50 мг-дан 400 мг-ға дейін енгізу керек, одан кейін тәуліктік доза (көрсеткішке байланысты) мына кестеге сай белгіленеді:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ұсынылған дозаның пайызы

>50

≤50 (диализсіз)

Тұрақты диализде

100%

50%

әрбір диализден кейін 100%

Балаларға 7 жастан бастап флуконазолды дәрігер ұсынысы бойынша тағайындайды.

Балалардағы шырышты қабық кандидозында флуконазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 3 мг/кг құрайды. Тұрақты тепе тең концентрацияға жылдамырақ қол жеткізу мақсатында бірінші күні 6 мг/кг екпінді доза тағайындалуы мүмкін.

Жайылған кандидозды және криптококкты жұқпаны емдеу үшін аурудың ауырлығына байланысты ұсынылатын доза тәулігіне дене салмағының әр келісіне 6-12 мг құрайды.

Жұқпа дамуының қаупі цитоуытты химиялық терапия немесе сәулелік ем нәтижесіндегі нейтропенияға байланысты дамитын иммунитеті төмендеген науқастардағы зеңдік жұқпалардың алдын алу үшін индукцияланған нейтропенияның ұзақтылығы сақталуы мен айқындығына байланысты дене салмағының әр кг-на тәулігіне препарат 3-12 мг тағайындалады.

Емдеу курсының ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты.

 

 

Әзірге Фуцис 200мг №4таб Кусум пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
4410 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
4410 ₸  
2
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
4410 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
4410 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
4410 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
4410 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
4410 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
4410 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
4595 ₸  
2
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
4410 ₸  
5
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
4410 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
4410 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
4410 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4410 ₸  
6
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
4410 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады