Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Телзап плюс 40мг/12,5мг №30таб Зентива

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Телмисартан, гидрохлоротиазид
Фармакологиялық топ:
Ангиотензина II антагонисты диуретиктер комбинациясында
Элемент коды::
8594739223554
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 

эссенциалды артериялық гипертензияны емдеуге (монотерапия ретінде телмисартан немесе гидрохло-ротиазид тиімсіздігі жағдайында)

 

 

 

 

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- құрамында сульфонамид бар басқа заттарға жоғары сезімталдық (гидрохлортиазид құрамында сульфо-намид бар дәрілік зат болып табылатындықтан)

- жүктіліктің II және III триместрлері және лактация кезеңі

- холестаз және өт шығару жолдарының обструктивті аурулары

- бауыр функциясының бұзылуы

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл / мин)

- тұрақты гипокалиемия, гиперкальциемия

- қант диабеті бар немесе бүйрек жеткіліксіздігі (СКФ &lt; 60 мл/мин/ 1,73 м 2 ) бар

- пациенттердегі алискиренмен бірге қабылдау

- тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза (галактоземия) көтере алмаушылық

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең

 

 

 

 

Телзап Плюс қабылдағанда жағымсыз құбылыстар туындауының жалпы жиілігі телмисартан және гид-рохлортиазид (835) біріктірілімін немесе тек телмисартан (636) қабылдаған 1471 пациент қатыстырыл-ған бірқатар зерттеулер барысындағы телмисартанмен монотерапиядағы осындаймен салыстырарлық. Жағымсыз құбылыстар дозаға тәуелді болмады, жынысына, жасына немесе пациенттің нәсіліне байла-нысты емес.

Телмисартан және гидрохлортиазид біріктіріліміндегі клиникалық зерттеулер барысында бақыланатын жағымсыз құбылыстар келесі жіктемелерді пайдаланумен төменде келтірілген: Өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - ≤1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 - ≤ 1/1000 дейін), өте сирек (≤ 1/10 000); Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиі

- бас айналуы

Жиі емес

- гипокалиемия

- мазасыздық сезімі, үрейленулер

- естен тану, парестезиялар

- бас айналуы (есту органы және вестибулярлық аппарат тарапынан бұзылулар)

- тахикардия, аритмия

- гипотония, ортостатикалық гипотензия

- ентігу

- диарея, метеоризм, ауыз құрғауы

- арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі, миалгия

- эректильді дисфункция

- кеуденің ауыруы

- қандағы несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы

Сирек

- Квинке ісінуі (өліммен аяқталуы мүмкін), эритема, қышыну, бөртпе, тершеңдік, есекжем

- бронхит, фарингит, синусит

- жүйелі қызыл жегі өршуі немесе белсенуі (маркетингтен кейінгі тәжірибе негізінде)

- гиперурикемия, гипонатриемия

- депрессия

- ұйқысыздық, ұйқы бұзылуы

- көру бұзылуы, анық көрмеу

- тыныс алу жеткіліксіздігі (пневмонияны және өкпе ісінуін қоса)

- іштің ауыруы, іш қатуы, диспепсия, құсу, гастрит

- артралгия, бұлшықет құрысулары, аяқ-қол ауырулары

- бауыр функциясының аномальді бұзылыстары («Жеке жағымсыз реакциялар сипаттамалары» бөлімін қараңыз)

- тұмауға ұқсас жай-күйлер

- креатинин, креатинфосфокиназа, бауыр ферменттері деңгейі жоғарылауы

Жеке компоненттер бойынша қосымша ақпараттар

Біріктірілген препараттың жеке компоненттері бойынша бұрын хабарланған жағымсыз реакциялар, тіпті егер олар осы біріктірілген препараттың клиникалық зерттеулерінде бақыланбаса да Телзап Плюсті қолданғанда потенциалды жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

Телмисартан: Жағымсыз реакциялар плацебо және телмисартан қабылдаған науқастарда бірдей жиілік-пен туындаған.

Плацебо-бақыланатын зерттеулерде телмисартан қолданғандағы жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі (41,4%), әдетте, плацебо салыстырарлық (43,9%).

Төменде келтірілген келесі жағымсыз реакциялар, гипертония себебінен телмисартан қабылдайтын пациенттердегі немесе жүрек-қан тамыр жағдайларының жоғары қаупі бар 50 жастан асқан пациент-тердегі барлық клиникалық зерттеулерде алынған.

Жиі емес

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, циститті қоса

- анемия

- гиперкалиемия

- брадикардия

- жөтел

- бүйрек жеткіліксіздігі (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі)

- астения

Сирек

- сепсис оның ішінде өліммен аяқталатын («Жеке жағымсыз реакциялар сипаттамалары» бөлімін қара-ңыз)

- эозинофилия, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар

- гипогликемия ( қант диабеті бар науқастарда)

- ұйқышылдық

- асқазан аумағындағы жайсыздық

- экзема, медикаментозды дәрілік бөртпе, уытты бөртпе

- артроз, сіңірлердің ауыруы

- гемоглобин деңгейі төмендеуі

Өте сирек

- өкпенің интерстициальді ауруы («Жеке жағымсыз реакциялар сипаттамалары» бөлімін қараңыз)

Гидрохлортиазид: гиповолемияны туындатуы немесе асқындыруы мүмкін, бұл электролиттік теңгерім-сіздікке әкелуі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Жиілігі белгісіз

- сиаладенит

- апластикалық анемия, гемолиздік анемия, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық

- бақыланбайтын қант диабеті

- анорексия, тәбет төмендеуі, электролиттік теңгерімсіздік, гиперхолестеринемия, гипергликемия, гипо-волемия

- мазасыздық, бас айналуы

- сандырақ

- ксантопсия, жедел жабықбұрышты глаукома

- некроздық васкулит

- панкреатит, асқазандағы жайсыздық

- гепатоцеллюлярлық сарғаю, холестаздық сарғаю

- жегіге ұқсас синдром, фотосенсибилизация, тері васкулиті, уытты эпидермальді некролиз

- әлсіздік

- интерстициальді нефрит, бүйрек дисфункциясы, глюкозурия

- гипертермия

- триглицеридтер деңгейі жоғарылауы

Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Бауыр функциясы бұзылуы/бауыр бұзылыстары

Телмисартанмен маркетингтен кейінгі тәжірибеде көп жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы/бауыр бұзылыстары Жапониядағы пациенттерде туындаған.

Бұл жағымсыз реакциялар болуының ықтималдығы Жапония тұрғындарында жоғарырақ.

Сепсис

PRoFESS зерттеулерінде, сепсис жағдайларының жиілігі артуы плацебомен салыстырғанда телмисар-танмен ем тобында бақыланған. Бұл құбылыс кездейсоқ немесе қазіргі уақытта белгісіз механизмге байланысты болуы мүмкін («Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз).

Өкпенің интерстициальді ауруы

Телмисартан пайдаланғанда маркетингтен кейінгі зерттеулер барысында өкпенің интерстициальді зақымдану жағдайлары тіркелді. Дегенмен себеп-салдарлы байланысы анықталмады.

Күдік болған жағымсыз реакциялар есебі

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы есеп дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасының мониторин-гін жалғастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер кез келген болжамды жағымсыз реак-циялар туралы хабарлауы тиіс.

 

 

 

 

Ересектерге

Телзап Плюс таблеткалары тамақ ішуге байланыссыз ішу арқылы қолдануға арналған, күніне бір рет қабылданады және сумен ішілуі тиіс. Телзап Плюс артериялық қысымы телмисартанның монотерапия-сында талапқа сай бақыланбайтын пациенттерге тағайындалады. Бекітілген доза біріктіріліміне өтер алдында екі компоненттің әр дозасын жеке титрлеу ұсынылады. Клиникалық сәйкестікте, монотерапия-дан бекітілген біріктірілімге тікелей өту қарастырылуы мүмкін.

артериялық қысымы телмисартанның 40 мг монотерапиясымен талапқа сай бақыланбайтын пациент-терге күніне бір рет Телзап Плюс 40 мг/12.5 мг қабылдауға болады.

артериялық қысымы телмисартанның 80 мг монотерапиясымен талапқа сай бақыланбайтын пациент-терге күніне бір рет Телзап Плюс 80 мг/12.5 мг қабылдауға болады

артериялық қысымы Телзап Плюс 80/12.5 мг дозада қолданғанда талапқа сай бақыланбайтын немесе артериялық қысымы бұрын телмисартанмен және гидрохлортиазидпен жеке тұрақтанған пациенттерге күніне бір рет Телзап Плюс 80мг/25мг қабылдауға болады.

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясына мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалау Телзап Плюс 40мг/12.5 мг күніне бір реттен аспауы тиіс. Телзап Плюс бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге көрсе-тілмеген. Тиазидтерді бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Балалар

Телзап Плюсті 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Деректер қол жетімсіз.

 

 

Әзірге Телзап плюс 40мг/12,5мг №30таб Зентива пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады