Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Гинофлор №6 вагин,табл,Medinova Германия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Қынап таблеткалары
Белсенді зат:
Lactobacillus acidophilus, эстриол
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- микробтарға қарсы дәрілермен жергілікті және/немесе жүйелі емдеуден кейін Lactobacillus микрофлора-сын қалпына келтіру үшін

- менопауза және пост менопауза кезінде эстроген тапшылығы салдарынан болатын атрофиялық ваги-нитте немесе жүйелік гормон алмастырушы ем кезінде қосымша дәрі ретінде

- қынаптық бөліністер (Fluor vaginalis) немесе инфекцияға қарсы ем қолдану айрықша қажетті болмағанда бактериялық вагиноз бен кандидоздың жеңіл және орташа ауырлық дәрежесі жағдайларында

 

 

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- сүт бездерінің, жатыр немесе қынаптың эстрогенге тәуелді қатерлі жаңа түзілімдері

- эндометриоз (күдіктенген немесе диагностикаланған)

- шығу тегі белгісіз қынаптық қан кету

- айқын қабынумен іріңді инфильтрацияланған вагинит

- жыныстық жетілу кезеңіне жетпеген қыздар

- қатты қабынумен және іріңді инфильтраттармен вагинит

- идиопатиялық немесе веналық тромбоэмболиялық аурулар (әсіресе терең веналар тромбозы, өкпедегі эмболия)

- тромбофилия (мысалы, С ақуызы, S ақуызы немесе антитромбин тапшылығы)

- артериялық эмболиялық аурулар (әсіресе стенокардия, миокард инфарктісі)

- бауырдың жедел ауруы немесе бауыр ферменттерінің патологиялық көрсеткіштері кезінде анамнезде бауыр ауруының болуы

- порфирия

 

 

Препараттың жағымсыз әсерлері кездесу жиілігіне байланысты ағзалар жүйесінің әрқайсысына қатысты жүйеленген, мынадай жіктеме пайдаланылған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (қолжетімді деректер бо-йынша баға беруге келмейді).

Жиі емес:

- вульвовагинальді қышыну, қынаптық бөліністер, вульвовагинальді ашыту (әсіресе емдеудің бас кезінде)

- вагинит

Сирек

- қызарумен және қышынумен аллергиялық реакция

 

 

Қайта қалпына келтіру емі, Fluor vaginalis (қынаптық бөліністер), қынаптық инфекциялар:

6 – 12 күн бойы күнделікті 1 қынаптық таблетка. Қынаптық таблетканы ұйықтар алдында қынапқа терең етіп енгізу қажет. Дұрысы шалқадан жатып, аяқты тізеден сәл бүгіп тұрып жасаған жөн.

Емдеуді етеккір кезінде тоқтатып, ол тоқтағаннан кейін қайта жалғастырған жөн.

Атрофиялық вагинит:

Атрофиялық вагинит жағдайында 6 - 12 күн бойы ұсынылатын доза күнделікті 1 қынаптық таблетканы құрайды.

 

Әзірге Гинофлор №6 вагин,табл,Medinova Германия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады