Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бипрол таб. 5мг №30 Штада

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
бисопролола фумарат
Фармакологиялық топ:
Селективті Бета-адреноблокаторлар.
Элемент коды::
2000268919647
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
695 ₸
Бонустарды сатып алу: 27.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- артериялық гипертензияда

- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардияда)

- жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе жүрек функциясы жеткіліксіздігінің вена ішіне ино-троптық ем жүргізуді қажет ететін декомпенсация сатысы

- кардиогендік шок

- атриовентрикулярлық бөгеттің II және III дәрежесі (электрокардиостимуляторсыз)

- синустық түйін әлсіздігі синдромы

- синоатриальді бөгет

- симптоматикалық брадикардия

- симптоматикалық гипотензия

- ауыр бронх демікпесі

- шеткері артериялардың обтурациялық ауруының кеш сатылары және Рейно ауруы

- емделінбеген феохромоцитома

- метаболизмдік ацидоз

- бисопрололға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

- лактаза тапшылығы, лактоза көтере алмаушылығы, мальабсорбция/изомальтоза синдромы (препарат-тың құрамында лактоза бар)

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен

- гипертония немесе стенокардияның жүрек функциясы жеткіліксіздігімен қатар жүруі

- қандағы глюкоза деңгейі едәуір ауытқитын қант диабеті;

бүркемеленуі мүмкін гипогликемия симптомдары (мысалы, тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі немесе тершеңдік)

- қатаң диета

- десенсибилизациялайтын емнің жалғасуы

- АВ-бөгетінің бірінші дәрежесі

- Принцметал стенокардиясы

- шеткері артериялық обтурациялық ауруы (әсіресе емнің бас кезінде шағымдар көбеюі мүмкін)

- анамнезінде псориазы бар пациенттерде бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол) пайда/қаупіне мұқият баға берілгеннен кейін ғана тағайындалуы тиіс

Жағымсыз реакцияларға баға беру пайда болу жиілігі бойыша төменде берілген деректерге негіздел-ген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Жиі:

− бас айналу*, бас ауыру*

− жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату

− аяқ-қолдың суықтау сезімі немесе ұюы

− шаршау*

Жиі емес:

− брадикардия, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылулары, бұрыннан бар жүрек функциясы жет-кіліксіздігінің нашарлауы

− анамнезінде бронх демікпесі немесе тыныс алу ағзаларының обструкциялық ауруы бар пациенттерде бронхтың түйілуі

− бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілулері

− гипотония

− астения

− депрессия, ұйқының бұзылуы

Сирек:

− триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ) деңгейлерінің жоғарылауы

− естен тану

− көз жасы бөлінуінің азаюы (мұны жанаспалы линзаларды киетін пациенттер ескергені жөн)

− естудің бұзылуы

− аллергиялық ринит

− қышыну, қызару, бөртпе сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары

− гепатит

− потенцияның бұзылулары

− түнгі қорқыныштар, елестеулер

Өте сирек:

− конъюнктивит

− шаштың түсуі. Бета-блокаторлар псориазға түрткі болуы немесе өршітуі немесе псориаз типті бөрт-пені туындатуы мүмкін.

*Осы симптомдар емнің бас кезінде жиі пайда болады. Олар, әдеттегідей, аз қарқынды сипатта болады

және әдетте 1-2 апта ішінде жоғалады.

Күмәнді жағымсыз құбылыстар жөнінде мәлімдеме

Кез келген күмәнді жағымсыз құбылыстар жөнінде мәлімдеп отыру өте маңызды. Бұл осы дәрілік зат-тың пайда/қаупі арақатынасы бейінін үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

Препарат таңертеңгі тамақтануға дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен, ішке бір рет қабылданады.

Таблетканы шайнамай және ұнтақтамай, тұтастай жұтқан жөн. Барлық жағдайларда қабылдау режимін және дозаны дәрігер, жүректің жиырылу жиілігін және пациенттің жағдайын есепке ала отырып, әрбір пациентке жекелей таңдайды.

Артериялық гипертензияда және жүректің ишемиялық ауруында тәуліктік доза 5мг құрайды және қажет болғанда тәулігіне 1 рет 10 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Артериялық гипертензияны жәнестенокар-дияны емдеген кезде ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 1 рет 20мг құрайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, креатинин клиренсі (КК) минутына 20 мл-ден аз болғанда, немесе ең жоғары тәуліктік доза бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде 10мг құрайды.

Мұндай пациенттерде дозаны арттыруды аса сақтықпен жүргізу қажет.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Препаратты біртіндеп, дозаны 2 апта және одан көбірек уақыт ішінде төмендете отырып, тоқтату ұсыны-лады (дозаны 3-4 күн ішінде 25%-ға төмендетеді).

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет болмайды.

Әзірге Бипрол таб. 5мг №30 Штада пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
670 ₸  
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
665 ₸  
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
660 ₸  
4
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
680 ₸  
2
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
670 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
670 ₸  
2
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
695 ₸  
3
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
695 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
670 ₸  
10
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
695 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
670 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
670 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
670 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
695 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады